Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды сайлау: үгіт-насихат материалдарын орналастыру ережесі

327

Сурет: Sputnik Қазақстан

«365info» ЖШС — 365info.kz медиа порталының меншік иесі  (ары қарай–Сайт), Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 қазандағы №439 Жарлығымен тағайындалған, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына қатысатын, 2021 жылғы 10 қаңтарда партиялық тізім бойынша сайланатын саяси партияларды  сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру (ары қарай – сайлау алдындағы үгіт материалдары) баспа және интернет-алаңын ұсыну төлемінің мөлшері, шарты мен тәртібі туралы (бұдан әрі–үгіт-насихат материалдары) хабардар етеді.

Сайлау алдындағы үгіт партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 00.00-де аяқталады. Осылайша, эфирде үгіт материалдарын орналастыру 2020 жылғы 10 желтоқсан күні сағат 18.00-ден  2021 жылдың 09 қаңтарында сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Сайтта баннерлік алаң және мақалалар жариялап, үгіт материалдарын ұсынудың жалпы шарты мен тәртібі:

«365info» ЖШС сайттың меншік иесі мен партиялық тізімді ұсынған саяси партияның сенімді өкілі арасында жасалатын шарт негізінде жаңалықтар лентасында баннерлік алаңдар ұсынып,  мақалалар жариялайды.

Сайтта баннерлік алаң мен мақалалар ұсыну үшін партиялық тізімін ұсынған саяси партияның сенімді өкілі «365info» ЖШС-не төмендегілерді көрсете және ұсына отырып, жазбаша өтініш береді:

Жазбаша өтінішпен бірге келесі құжаттар қоса берілуі тиіс:

  1. саяси партияның тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. партиялық тізімін ұсынған саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  3. өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. тұлғаның шарт жасасу үшін өкілеттігін растайтын құжаттар. Әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беріледі және келіп түскен күні жазылады. Өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі.

«365info» ЖШС жазбаша өтініштерді мына мекенжай бойынша:

Алматы қаласы, Керемет шағын ауданы, 7-үй, 39-корпус, 472-кеңсе партиялық тізімін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамынан 2020 жылғы 08 желтоқсан мен 05 қаңтар аралығындағы кезеңде демалыс және мереке күндерін қоспағанда,  сағат 10.00-ден  17.00-ге дейін қабылдайды.

Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі:

365info.kz интернет алаңында жарияланатын баннерлік-медиалық материалдарға қойылатын техникалық талаптар: файл JPG, GIF, SWF форматында, көлемі ең көп дегенде 150кб болып, баннердің өлшемі 300*250, 728*90 аспауы керек.

Үгіт материалдарында оларды қаржыландыру көзі туралы дыбыстық және/немесе көрнекі ақпарат болуы тиіс. Олардың таратылуының ақысы партиялық тізімін ұсынған саяси партияның сайлау қорынан төленуі тиіс.

«365info» ЖШС, материалды Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылық,  қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру идеялары қамтылған болса, үгіт материалдарын баннерлік алаңға шығарудан бас тартады.

Материалда басқа тіркелген кандидаттардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда сайт иесі баннерлік алаңға үгіт-насихат роликтерін шығарудан бас тартуға құқылы

Уәкілетті тұлға Сайт иесінің талабы бойынша ұсынылған үгіт материалдарындағы мәліметтің дұрыстығын растайтын құжатты ұсынуға міндетті. Үгіт материалдарын ұсынған уәкілетті адамдар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне жауапты болады.

Осы хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ сәйкесінше шарттың талаптары бұзылса үгіт материалдарының баннері жарияланбайды, не қайта түзетілгенге дейін тоқтатылады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген баннерлік алаңды ұсыну шарты мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Ұсынылатын баннерлік алаң мен мақалалардың ақысын төлеу тәртібі мен мөлшері:
Материалдарды жариялау құны:

  1. Көлемі 728 х 90 пиксель баннерлер, А позициясы – 1000 көрсетілім үшін 700 теңге, ҚҚС-ны қоспағанда;
  2. Көлемі 300 х 250 пиксель баннерлер, B позициясы – 1000 көрсетілім үшін 1 050 теңге, ҚҚС-ны қоспағанда;
  3. Мақаланы тақырыптық айдардағы басты бетке бір тәулікке шығару  (бос орын мен 5 фотосуретті қоса алғанда, 5 000 таңбадан аспайтын мөлшерде) – 340 400 теңге, ҚҚС-ны қоспағанда;
  4. Мақаланы жаңалықтар лентасына жариялау  (бос орын мен 2 фотосуретті қоса алғанда, 2 000 символдан аспайтын мөлшерде) – 73 200 теңге, ҚҚС-ны қоспағанда;

Сайт иесі Салық кодексінің нормаларына сәйкес ҚҚС төлеушісі болмағандықтан,  орналастыру құны ҚҚС есебінсіз есептеледі. Орналастырылған материалдар Desktop нұсқасында, мобильді нұсқада және сайттың мобильді қосымшасында қол жетімді болады.

Жасалған шарт бойынша төлем «365info» ЖШС банктік деректемелеріне шотты ұсынған сәттен бастап 3 (үш) банктік күн ішінде, төлемге ұсынылған шоттың негізінде жүзеге асырылады.

«365info» ЖШС директоры Қ.С. Қойшиев

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз