Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Париждік қыз Алматыға келіп, қазақ тілін үйренуге бел буған

250

— Көшіп келгенге дейін мен Қазақстанда екі рет болдым. 2005 жылы алғаш рет диссертация үшін зерттеу жүргізу бойынша келгенмін. Сол кездері мен осы елде көп саяхаттап, тың игеру жылдары осында көшіп келген адамдармен әңгімелестім. Екінші рет келгенімде Қазақстанның оңтүстігінде — Қызылордада болдым.

2016 жылы француз мәдениеті мен тіліне қызығушылық білдіретіндер үшін Франция мен Қазақстанды байланыстыратын Француз альянсын басқару үшін Алматыға келдім.

Жыл бойы біз француз тілінен сабақ беріп, мәдени іс-шараларды ұйымдастырдық.

Олардың мақсаты — француз мәдениетімен танысу және қазақстандықтар мен француздарды біріктіру.

Францияда оқығысы келетіндерге құжаттар жинау мен тапсыруға, университеттерге тіркеуге көмектесеміз, гранттар ұсынамыз.

Қазақстанға келгенімде қағазбастылыққа тап болдым. Біз бірнеше рет құжаттарды қайта жасадық, әбден қиналдық. Ал көлік сатып алғаннан кейін нөмірді үш апта күттік. Бұл процестерді жеңілдетуге болатын сияқты.

Ерекше сезім

Алматыда маған қаладағы жасыл желектердің көптігі және таулар ұнайды. Отбасымызбен Шымбұлақ пен Медеуге жиі барып тұрамыз. Маған терезенің ар жағындағы көрініс ұнайды, табиғат заманауи қаламен әсем үйлескен. Париж үлкен және заманауи мегаполис, ол жақта мұндай жоқ.

Мен қаладан тыс жерлерде, сайын далада болдым, мен үшін сол жанға жайлы мекен

Мұнда жердің кеңдігі сонша, өзіңді кішкентай адам сезінесің. Бұл ерекше сезімді мен тек Қазақстанда ғана сезінемін.

Алматыда мейрамханалар көп. Тағамға талғамым жоғары. Әзірше француз асханасы бар жақсы мейрамхана таба алмадым. Қазақ асханасын сынап көрдім, бірақ мен ет көп жей алмаймын. Алайда қызым ет жақсы көреді, тіпті жылқы етін де жейді.

Қаладағы автобустар жақсы, жылдам жүреді, бірақ бұдан да жақсы болуға мүмкіндік бар. Кейде 8-10 минут күтіп қаласың, бұл, меніңше, ұзақ. Ескі автобустарды жаңасына ауыстыру қажет, себебі бұл қоршаған ортаға нашар әсер етеді. Ауаның ластануы — Алматыдағы ең үлкен мәселе.

Бұрын мен қоғамдық көлікті жиі пайдаланатынмын, тіпті ОҢАЙ картасы болатын. Бірақ қазір біз автобус немесе метрода сирек жүреміз.

Қазақ тілін үйрену туралы

Қазақтар мейірімді және жылы шырайлы деп айтар едім. Бірақ бірден ашыла қоюы екіталай, көп уақыт қажет. Саған сенуге болатынын дәлелдеуге тиіссің.

Маған жергілікті адамдармен жұмыс істеу ұнайды. Олардың кейбір әдеттері басқа, нормалары бөлек екенін байқаймын, бірақ бұл жерде жұмыс істейтініме ризамын. Менімен бірге жұмыс істейтін адамдар өте мейірімді.

Қарым-қатынас жасауда қиындықтар болған жоқ, себебі бұрын қазақ тілін меңгергенмін

Тіл меңгеру деңгейім сәл төмен, бірақ әңгімеге қосылып кете аламын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз