Парижде Чемпиондар Лигасының финалында жергілікті ПСЖ клубы Германиялық «Бавариядан» жеңілгеннен кейін тәртіпсіздіктер басталды.
Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрларда жанкүйерлер бір көлікті өртеп, екіншісін құлатқаны көрінеді. Олар тағы бір көлік құралының төбесіне шығып секіріп, аяқтарымен теуіп қатты зақымдады. Сондай-ақ, жанкүйерлер от жағып, петардаларды жарып, үкіметке қарсы ұрандарды айқайлап, дүкендерді тонауда.
Айта кету керек, бұзақылар ойын кезінде полицейлерге шабуыл жасаған. CNews телеарнасының хабарлауынша, оқиға «Парк де Пренс» стадионының жанында трансляция басталғаннан он минут өткен соң болған.
Естеріңізге сала кетейік, Еуропаның басты клубтық турнирінің финалдық матчында париждіктер «Бавариядан» 0:1 есебімен ұтылды.