Бангалор қаласында (Үндістан) көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында шахматтан 12-ші әлем чемпионаты өтті. Жарыста жаcөспірімдер арасында классикалық турнирде өнер көрсеткен 11 жастағы елордалық Нұрғиса Қуанышұлы қола жүлдегер атанды.
«Шахматтан әлем чемпионаты әйелдер және жасөспірімдер арасында өтті. Жарысқа елімізден 3 спортшы қатысты. Жасөспірімдер арасында Нұрғиса әлемдік додаға алғаш рет қатысып, 9 турдың қорытындысы бойынша 6 ұпай жинап, қола медаль иеленді. Биыл шілде айында Арменияда ересектер арасында өткен әлем чемпионатында да ұлттық құрама спортшылары алтын мен күміс медаль еншілеген болатын», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының шахматтан аға жаттықтырушысы Зинятқыз Нүсіпбаева.
Айта кетейік, Нұрғиса Қазақстан бойынша көру мүшесі зақымданған жастар арасындағы әлем чемпионаттарының алғашқы жүлдегері атанды.