Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Парадокс: Қарағандыда көмір жоқ

111

“Бұл жерде күн сайын төбелес. Үйде көмір жоқ, жылу жоқ. Қарағандыда тұрамыз, бірақ көмір жетпейді, бұл деген ұят әрі күлкілі”, – дейді тұрғын.

Ал қоймада қалған-құтқан көмірді ешкім сатып та алмайды, себебі ол дұрыс жанбайды екен. Көмір тапшылығынан әсіресе алыс аудандар зардап шегіп отыр. Қатты отынның бағасы да бензин бағасымен бірге шарықтап барады.

“Бензинді кей жерлерден 153, 160-қа құйып аламыз. Ал кей бекеттерде жанармай тіпті жоқ. Ал көмірді алыс аудандарға тасыған кезде біз оны тоннасын 17, 18 мыңнан сатамыз. Біздің қырып пайда тауып жатқанымыз шамалы”, – дейді Қуандық Мұқашев.

Кезекте тұрғандардың алпыс пайызы көрші облыстан келгендер. Ал шенеуніктер болса вагондарға қатысты еш проблема жоқ дейді. Билік біресе ауа-райын, біресе шыдамсыздық танытты деп халықты кінәлайды.

“Екі ауысым бекітіліп, олар тәулігіне 50 машинаға тиеп жатыр. Қазір ол жердегі жұмыс күніне 150-170 машинаға дейін жоғарылады. Яғни, жұмыс тәулік бойы жүріп жатыр. Сонымен қатар, Шұбаркөлден 25 вагон Қарағанды мен Қарағанды облысына тәулік сайын қатынап жатыр”, – деді облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.

Билік мәселені бір апта ішінде шешеміз дейді. Бүгіннен бастап жұмыс тәуліктік режимге көшіп, көмір күнде де, түнде де сатылатын болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз