Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Папа, мен ақшаны ұрламадым”. 15 жастағы баланың асылып өлер алдындағы хаты

277

3a5b3627-e6ed-4606-b2de-c6e66be6af7c_w610_r1_sЖеткіншектің ата-анасы өлімге ауылдастары менен милиция қызметкерлерін кінәлап отыр деген ақпарат қырғыздық сайтта пайда болды.

15 жастағы баланың өзін-өзі өлімге қиюы бүкіл Сымқат ауылының тұрғындарын есіңгіретті. Әлімбековтар отбасы әлі күнге шейін ес жия алмай отыр. Себебі Шерзаттың өмірі қыршынынан қиылды…

23 қазан күні кешке Шерзат Әлімбеков асулы күйінде үйінен табылыпты. Бала ауруханаға жетпей, жолда көз жұмады. Соңғы минутта Шерзаттың қасында болған көкесі Эркинбек Әлімбеков жиенінің суицидке бару себебіне қатысты өз ой-пікірін былайша білдірді:

Кубаныч есімді баланың қалтасынан 10 000 сом жоғалыпты. Ұрлықты менің жиенімнен көріп, оны ұрып-соғады. Қоқан-лоқы көрсетеді. Жиенім бар кінәні өз мойнына алуға мәжбүр болады. Бірақ “кінәлі емес екенін, 10 000 сом алмағандығы” туралы маған сыр шертіп, көмек қолын созуымды өтінеді. Содан соң мен өз кезегімізде милицияға барып, басшылықпен кездестім. Басшы болса, арыз жазған күні менің жиенімді темір торға отырғызатынын жеткізді. Үйге келген уақытта жиенімді әңгіме тартып, шындықты айтуын сұрадым. Шерзат кінәсіз екендігін дәлелдеп шығатынын не өз-өзіне қол жұмсайтындығын кесіп айтты. Мен бұл сөздерге “бала ғой, аңдамай айта салды” деп онша мән бермедім.

16 қазан күні Созақ ауданының Октябрь учаскелік бөлімшесіне Шерзатты жеткізіп, тергеу астына алады. Тергеу болатыны жайлы хабар баланың жақындарына айтылмайды. Шерзатты тергеп болған соң милиция айыпталушының әкесі Талант Әлімбековті алдарына шақырып, баласының ұрлық бойынша айыпталып отырғандығын мәлімдейді.

Сол күні Шерзатты кінә таққан бала Кубанычтың көзінше үй іштегілеріне ескертпей, ата-анасын шақыртпай тергейді. Мен милицияға келгенге дейін балама түсінік хатын жаздырып алыпты. Шерзаттың қалтасында дәретхана шұңқырын қазып бергені үшін алған 3500 сомы еңбекақысы бар екен. Милиция 3500 сомды заттай дәлел ретінде іске тіркейді. Мен 10 000 сом ақшаны кінә тағушы жаққа ұсындым. Олар болса арыздарын қайтарып алады. Милиция бірақ баламның қалтасынан шыққан 3500 сомды бермей қояды. Айып тағушының әкесі Бақыт Токтосунов кезінде органда істегендіктен милицияның бүйрегі сол тарапқа бұрып тұрғанын байқадым. Суицидке бармас бұрын Шерзат айыптаушы жақ оны таяқ астына алғандығын, шын мәнінде кінәсіз екендігін, анасын қатты сағынғандығын, ақша табу үшін Ресейде жүрген анасын көргісі келетіндігін айта отыра соңғы хатын жазып кетіпті.

Хаттың мазмұны төмендегідей:

“Папа, мен Бақыт бай-әкенің 10 000 сомын ұрлаған емеспін. Түнгі сағат екіде Бақыт бай-әкенің ұлы мені ағашқа байлап, 10-15 рет арқамнан, 5-6 рет басымнан, бетімнен ұрғаннан көз алдым тұманданды. Мені өлтіре ме деп қорықтым. Қорыққаннан кінәні мойындай салдым. Бұл хатты сіздерден бөлек 2-3 адамға да жаздым. Папа, мен тек анамның үйге келуін күтіп жүрмін. Егер ол 2-3 күнде келетін болса, оны бір рет көрсем жеткілікті. Менің 3500 сомым, сіздің 10 000 сомыңыз үшін олардың 100 000 сом беруін талап етемін. Мені басқа жерден іздемеңіздер. Мен Бақыт бай-әкенікінде боламын. Соңғы сөзім – арым таза.”

581192844a8b31c343cb7-41bc-4e7d-9e81-add5a929e272_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз