Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Пандемия жөніндегі нұсқаулық: неліктен тек Ұлыбритания ғана тиімді дәрі тапты

265
Оксфордтық зерттеушілер Мартин Ландрей (сол жақта) және Питер Хорби Covid-19-ды тиімді емдеу жолын зерттеу арқылы әлемнің 1 миллионға жуық тұрғынының өмірін сақтап қалуға көмектесті. Фото: vox.com

Алайда, бұл үшін үлкен ресурстар қажет болады: зерттеушілер бір уақытта көптеген түрлі емдеу әдістерін сынап көруге мәжбүр болды. Бұл мыңдаған еріктілерді жинау дегенді білдіреді.New York Times Денсаулық сақтау саласының сарапшысы Карл Зиммер 2021 жылдың қаңтарында былай деп жазды:

“Covid вирусқа қарсы препараттарының көптеген сынақтары басынан бастап жойылды — пайдалы мәліметтер беру үшін тым аз және жоспарланбаған болды”.

Біріккен Корольдікте зерттеу процесі жаппай және қарапайым болды. Бұл өмірлік маңызды нәтижелерге жылдам қол жеткізуге арналған әлемдегі ең тиімді бағдарлама.

Мінсіз іздеудің рецепті

2020 жылдың наурыз айында Оксфордтың Денсаулық сақтау саласының ғалымдары Мартин Ландрей мен Питер Хорби  Recovery Trial бағдарламасын бастады.

365info анықтамасы:

Recovery Trial — кең ауқымды рандомизацияланған бақыланатын зерттеу. Covid-19-бен ауруханаға жатқызылғандар зерттеуге атсалысты және зерттелетін препараттардың біреуін алу үшін автоматты түрде рандомизацияланды немесе бір де біреуін алмады.

Эксперименттің негізгі мақсаты – “алғашқы рандомизациядан 28 күн өткеннен кейін зерттелетін препараттардың барлық себептерден болатын өлімге әсерін сенімді бағалауды қамтамасыз ету”.

Бұл ашық зерттеу. Жүргізілген емдеу туралы пациенттер де, дәрігерлер де білді.

Бір тәулік ішінде ғалымдардың бастамасын ел үкіметі, жергілікті билік және университет басшылығы мақұлдады. Фармацевтикалық компаниялар Recovery Trial-мен серіктес болуға ұмтылды, өйткені олар өздерінің дәрі-дәрмектері жаһандық індетті тоқтатуға көмектесе алатындығын анықтаудың ең сенімді әдісі осы деп тапты.

Британдық жедел жәрдем бөлімдері осы бағдарламаның жарнамалары бар брошюралар мен плакаттарға толы болды.  Адамдар ауруханаға түскеннен бастап науқастарды топтарға бөлу басталды. Covid-19 тестінің оң нәтижесін алғаннан кейін үш-төрт сағат ішінде зерттеу тобының мүшесі науқастың жанына келіп, зерттеуге қатысуға келісімін беретінін немесе бермейтіндін сұрады. Көптеген адамдар келісті. 2020 жылы 35 мыңнан астам ерікті болды.

Науқас ауызша түрде келіскенін түсінгеннен кейін, үлкен қаріппен бір бет – келісімнің жеңілдетілген үлгісіне қол қойылды. Содан кейін зерттеу тобы оны Recovery Trial компьютерлік базасына енгізді, ал алгоритм оны кездейсоқ тәсілмен қатысушылар тобының біріне енгізеді.

Содан кейін NHS электронды жүйесі (Ұлттық денсаулық сақтау қызметі) пациенттердің жартысына тәжірибелік препараттың рецептін берді. Ал екінші жартысы бақылаушылар тобы болды. Тағайындалған препарат медбикелер науқасқа әдеттегі емдеу курсы кезінде беретін тағайындаулар картасында тағы бір препарат ретінде жазылды.

Ауқымды зерттеу бағдарламасы басталғаннан үш ай өткен соң нәтиже алынды — дексаметазон препараты бүкіл әлемде емдеу стандартына айналды. 2021 жылдың наурызында Ұлыбритания үкіметі есеп жариялады. Оның қорытындысы бойынша, препаратты қолдану әлі күнге дейін Ұлыбританияда 22 мың адамның өмірін және бүкіл әлемде 1 миллионға жуық адамның өмірін сақтап келеді.

Қиындық тарихы

Recovery Trial пайда болу жолы 1980 жылдары Оксфорд ғалымдарының бір тобы инфарктты тиімді емдеу тәсілінің жоқтығы мәселесімен айналысқан кезде басталды. Олар әртүрлі әдістерді тексере алатын ауқымды сынақты (мүмкін 10-15 мың адам) ұсынды. Мұндай үлкен сынақ жұмыс істеуі үшін ол қарапайым болуы керек. Медбикелер мен дәрігерлер зерттеушілер әдеттегі күтім процедурасында сынап көрген емдеу әдістерін қолдана алуы қажет.

Олар жасаған жүйе, шынымен де, өте қарапайым болды. Науқас ауруханаға түскен кезде, зерттеу тобы медицина қызметкерлеріне плацебо ма әлде дәрі-дәрмек пе – қандай емдеу пакетін қолдану керектігін айтады.

Нәтижесінде, инфаркт кезінде тірі қалуды зерттеуге 140 мыңнан астам адам қатысты. Инфаркттан болатын өлім-жітім санын айтарлықтай төмендететін бірнеше емдеу әдістері анықталды, соның ішінде қанның ұюының алдын алатын фермент пен аспириннің үйлесімі бар — бұл жаңашылдық және жаңа емдеу әдісі.

Бірақ бұған дейін ешкім төтенше жағдай шиеленіскен кезінде мұндай үлкен клиникалық сынақ бағдарламасын ұйымдастырған емес.

Табыс формуласы – бірыңғай жүйе

Біріккен Корольдікте тез арада ауқымды клиникалық сынақты ұйымдастырғысы келетін зерттеушілердің бір үлкен артықшылығы бар, ол — Ұлттық денсаулық сақтау қызметі.

АҚШ-тың денсаулық сақтау саласындағы сарапшылары Американың британдық бағдарламаға ұқсас бағдарламаны бастауға толық мүмкіндігі бар екенін бірнеше рет атап өтті. Алайда, олай болған жоқ.

Американдық зерттеушілер жекелеген аурухана жүйелерінің жұмысын үйлестіруге мәжбүр болды. NHS – бұл шамамен 1 250 ауруханадан тұратын біртұтас жүйе. АҚШ-тағы ең үлкен аурухана жүйесіне 200-ден аз мекеме кіреді, олардың көпшілігі шағын мекеме. Нәтижесінде, ауқымды зерттеулер жасайтын уақыт келгенде, тіпті АҚШ-та емдеудің жаңа әдістерін әзірлеп жатқан американдық компаниялар да британдықтарға жүгінген.

“NHS — бұл елдің барлық ауруханаларын байланыстыратын үлкен желі”, — дейді Лия Липсич, Regeneron американдық биотехнологиялық компаниясының вице-президенті. – Нақты уақыт режиміндегі бірыңғай жүйе ковидпен ауыратын әрбір пациенттерді, қанша болса да бақылауға мүмкіндік береді. Бұл фармацевтика саласындағы зерттеулер үшін де кең мүмкіндіктер ашады. Мұнда әлемнің кез-келген елі туралы айту мүмкін емес деп ойлаймын”.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз