Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
6
USD
445
+0.77
EUR
478
+2.56
RUB
4.85
+0.02

Пандемия қашан және немен аяқталады? – сарапшылар

5321
Фото: «Деловая столица»

Дүниежүзілік банк сарапшылары 2021 жылы біздің экономикамыз жақсара бастайды деп есептейді. Бірақ бірқатар шараларды қолға алу қажет.

Бұл туралы ДБ-тің Қазақстан экономикасына арналған “Дағдарыстан кейін қалпына келтірудің ұзақ жолы” баяндамасында айтылған.

Пандемияның салдары

Карантиндік шаралардың нәтижесінде бүкіл әлемде сұраныс төмендеді, соның салдарынан мұнай бағасы төмендеді. 2020 жылдың сәуірінде соңғы жиырма жыл ішіндегі “антирекорд” тіркелді — барреліне 21 доллар. Бірақ кейіннен мұнай бағасы қайтадан өсті.

Сонымен қатар, ішкі экономикалық белсенділікке де оңай соққан жоқ.

— 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте ЖІӨ 2,8%-ға қысқарды, ал 2019 жылдың осы кезеңінде 4,1%-ға өсу тіркелген еді, – делінген баяндамада.

Экономика әлі күнге дейін, тіпті 2020 жылдың үшінші және төртінші тоқсандарындағы белсенділіктің қайта жанданғанына қарамастан карантинге дейінгі көлеміне жеткен жоқ.

Сарапшылар 2020 жылдың нақты қорытындысы республикада кедейліктің 12-14%-ға дейін ұлғайғанын көрсетеді деп күтуде. Салыстыру үшін — 2016 жылы бұл көрсеткіш 6%-ды құраған.

Пандемия мен карантин, жұмыспен қамтылған халықтың шамамен 30%-ын жұмыспен қамтып отырған, әсіресе қалалардағы салалардың белсенділігін күрт төмендетті.

— Оптимистік сценарий жасасақ, егер үй шаруашылықтары жинақтары мен қарыз алу арқылы кейбір шығындарын азайта алса, 2020 жылы кедейлік деңгейі 10%-ға дейін өседі. Жұмыспен қамтуға ең көп соққы болған локдаунның алғашқы айларында Қазақстандықтардың шамамен 17%-ының өмір сүру деңгейі кедейлік шегінен төмен болды. Алайда

бұл тәсіл пандемияның ұзақ мерзімге созылуын және кедейленген халықтың жинақтарының төмен деңгейде екендігін ескермейді

Пессимистік сценарий бойынша 2020 жылы кедейліктің жалпы деңгейі 14%-ға жетеді, бұл шамамен 2,6 миллион адам”, – делінген хабарламада.

ДБ-тің болашаққа жасаған болжамдары әлдеқайда оптимистік болып көрінеді

Сарапшылар 2021 жылы біздің экономикамыз 2,5%-ға өседі деп болжап отыр. Мұндай болжам жасауға бірнеше себеп бар:

  • әлемдік экономиканың болашағының жақсаруы,
  • экспортқа сұраныстың артуы,
  • ішкі экономикалық белсенділікті қалпына келуі,
  • тиісінше, қолда бар табыстың өсуі.

—COVID-19-дың сәтті вакцинациясы нарықтардың сенімін нығайтып, 2021 жылы экономикалық белсенділікті қалпына келтіре алады

және 2022 жылы неғұрлым жылдам өсу қарқынын көрсетеді, — деп есептейді Дүниежүзілік банк.

Алайда, әлемдік экономиканың қалпына келуінің біркелкі болмауына байланысты қосымша қауіптер де бар. Олардың арасында “әлемдік қаржы нарығындағы қарыздың өсу қаупі” бар.

Мұнай бағасы қалпына келе бастағанына қарамастан, әлемдік нарықтардағы мол мұнай қоры және мұнай өндіруді қысқарту жөніндегі ОПЕК+ міндеттемелері экспорттық кірістерді шектеуі мүмкін.

Сонымен қатар, ішкі банк секторында да қиындықтар туындауы мүмкін.

Жұмыс істемейтін несиелер көлемі өсіп келе жатқандықтан және қолдау шаралары тоқтатылған жағдайда қиындықтар арта түсуі мүмкін

Олардың арасында жаңалары :

  • қазба отынға әлемдік сұраныстың төмендеуі,
  • инвестицияларға өңірлік бәсекелестіктің күшеюі,
  • қаржы секторындағы тұрақсыздық қаупінің артуы,
  • есеп беретін және ашық басқару қажеттілігінің арттыру.

Реформалар мен сәтті вакцинация қажет

Дүниежүзілік банк құрылымдық реформаларды жеделдетуді ұсынады.

— Қазақстанда ЖІӨ-нің орташа өсімі өнімділіктің төмендігі мен экономиканың әртараптандырылуының төмендігіне байланысты әрбір экономикалық дағдарыстан кейін төмендейтінін көрсетіп отыр.

Президент өзінің жыл сайынғы Жолдауында “жаңа нақтылыққа” қарсы тұруға саясатындағы түбегейлі өзгерістердің қажеттілігін атап өтіп, реформаларға бастама көтерді.

Билік өнімділіктің өсуіне және экономиканы қалпына келтірудің берік негізін құруға кедергі келтіретін бұрыннан келе жатқан мәселелерді шешуге деген адалдығын көрсетуі маңызды – делінген баяндамада.

Бірер күн бұрын ДБ өкілдері мен отандық экономистер онлайн режимде салдарлар мен болашаққа жасалған болжамдарды талқылады.
Әлемдік экономика дамуының жаңартылған болжамын, экспортқа сұраныстың артуын, ішкі экономикалық белсенділіктің жаңғыруын және қолда бар кірістің неғұрлым жоғары болуын ескере отырып,

— 2021 жылы экономиканы біркелкі қалпына келтіру күтілуде

— деп атап өтті Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдігінің аға экономисі Самсу Рахарджа.

Сондай-ақ, ол өсу динамикасына қолдау білдіру үшін сәтті вакцинация мен экономикалық реформалар маңызды екенін айтты.

— Әр экономикалық дағдарыстан кейін елдің ЖІӨ-нің орташа өсуі төмендеген. Бұл өнімділіктің тоқырауына және көмірсутектерге шамадан тыс тәуелділікке байланысты болған. Демек, Қазақстан экономиканы инклюзивті тұрғыда қалпына келтіру және өнімділікті арттыру үшін реформалар жүргізуге, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін қамтамасыз етуге бұрынғыдан да көбірек назар аударуы қажет.

Ауылдық жерлерде кедейлер санының едәуір өседі деп күтілуде,

бұл теңсіздіктің өсуіне алып келеді, – деді Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто.

NAC-Analytica корпоративтік қорының Басқарма төрағасы Ақтоты Айтжанованың айтуынша,

ішкі өндіріс көлемі 2021 жылдың үшінші тоқсанында пандемия басталғанға дейінгі деңгейге жетеді.

Сонымен қатар, ол 2021 жылы елдің ЖІӨ 4%-ға қалпына келеді деп санайды.

Стратегиялық бастамалар орталығының (CSI) басшысы Олжас Құдайбергенов “пандемияның әсері тағы 2-3 жылға созылады” деп санайды. Демек, экономиканы қолдау шаралары қысқа мерзімді болмауы тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз