Экономист Нассим Талеб РБК-ға берген сұхбатында не себепті ірі мегаполистердің қаңырап қалып, ірі корпорациялардың күйрейтінін түсіндірді.
Экономист және бірнеше кітаптардың авторы Нассим Талеб — экономика саласындағы ең танымал философтардың бірі және «қара аққу» теориясының авторы. Оған сәйкес, нарықтарға, жаһандық саясат пен адамдардың өміріне зиянын тигізетін оқиғаларды алдын ала болжап білуге болмайды.
Біз Сингапур, Тайвань, Оңтүстік Корея сияқты елдердің індетті бастапқы кезеңде жеңе алғанын көріп отырмыз. Ал Ұлыбритания мен АҚШ-тың жағдайы қиын. Ең алдымен, Батыста жалған сарапшылар көбірек.
Олар:
«Жылына жарты миллион адам инфарктан қаза болады, ал коронавирустан әзірге тек бірнеше ондаған адам көз жұмды. Біз инфаркт туралы ойлайық» деді.
Бірақ статикада бар нәселер мен дамып келе жатқан нәрселерді салыстыру — бұл ақымақтық. Вирустың тез дамып жатқаны соншалық, біздің қолымызда ол туралы сенімді ақпарат жоқ.
Яғни олардың қолданған құралдары қате болды. Ауқымды індеттің алдын алу үшін адамдар ойлайтын және сезінетін нәрселерге көңіл аудару керек еді.
Өйткені, әрбір адам өз алдына параноик: ол жаңа және күдікті нәрселерден қорқады. Сондықтан паранойя адамдарға өмір сүруге, сол үшін күресуге көмектеседі.
Бірақ АҚШ-тағы стратегияларды университеттердегі психология бөлімі дайындайды. Бұл психологтар шенеуніктерге қате тәсілдерді көрсетті, яғни инстинктіге құлақ аспауға шақырады.
Жалған сарапшылар мен ешқандай статистикалық мәліметтерді білмейтін әжеңіздің ойын салыстырыңыз. Оның проблемаларды әлдеқайда жақсы бағалайтынын көресіз.
Пандемия кезінде адамдар мемлекетке қарағанда ақылға қонымды әрекеттер жасайтынын айқын көрсетті. Мысалы, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар Швеция үкіметі карантин жариялаған жоқ деген суреттермен бөлісуде. Онда мейрамханалардың адамдарға лық толы екенін байқауға болады.
Бірақ
шындығында мұндай мейрамханалар аз: бұл салада келушілердің саны 90-ға төмендеді%
Яғни, тіпті жоғарыдан карантин енгізілмесе де адамдардың дұрыс жауап қатқанын көріп отырмыз.
Қазір мен АҚШ ауруларын бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) орналасқан Атланта қаласында тұрамын. Егер сіз қарапайым қала тұрғындарының сақтық шараларына қаншалықты мұқият қарайтынына таң қаласыз. Мысалы, олардың көпшілігі маска киеді.
Ал CDC әзірге бетперденің вирустан қаншалықты қорғайтынын зерттеуде. Қазір ДДҰ сияқты, бұл ұйым да, халықты бетперде кимеуге шақыруда. Ұйым өкілдері бетперде вирустан 100 пайыздық қорғаныс бермейді дегенді үнемі қайталап отырады.
Жақсы, бірақ бетперде кез келген жағдайда инфекцияға кедергі болады емес пе? Ол тіпті 30 пайызға ғана қорғайтын болса да, адамдар оларды пайдалана бастаса, індеттің таралу қарқыны бірнеше рет төмендейді деген сөз емес пе?
Парадокс: қарапайым адамдар өздерінің құзіреттелігін көрсетті, ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы — планетадағы ең құзыреттілігі төмен ұйым. Адамдар ДДСҰ-дан ақылды болып шықты.
Менің ойымша, біз сіздермен Zoom арқылы сөйлесіп жатқанымыздің өзі де айқын дәлел: эпидемия онлайн-білімге көшуді жеделдетеді. Әдеттегі университеттердің қажеттілігі төмендейді. Білім беру мекемелері осы арқылы ғимарат жалдау, логистика және т.б. салада үнемдей алады.
Көптеген компанияда да осындай жағдай орын алады. Алғашқы факс-машиналар пайда болған кезде, көбі «қалалар арсындағы шекараны жояды » деп ойлады — өйткені ендігі жерде қашықтықтан құжаттармен алмасуға болады. Интернет пайда болғаннан кейін де айтылды. Бірақ қазір Zoom және басқа да видеотелефон бағдарламалары шын мәнінде бұл болжамдарды растап отыр. Егер Мен Нью-Йорктегі әріптестеріммен Атлантадағы үйімде отырып, араласа алатын болсам онда мен не үшін жарты күнімді жұмсап жұмысқа барамын?
Індеттің арқасында көптеген компаниялар қызметкерлерінің үйде отырып та жақсы жұмыс істей алатынын түсінді. Бұл мүлдем кеңселер болмайды дегенді білдірмейді, олардың саны азайып, адамдардың күн сайын кеңсеге бару қажеттілігі төмендейді. Бұл көптеген қалалықтар ауылдық жерлерге қоныс аудара бастайды деген сөз.
Туристік индустрия қалпына келуі екіталай. Қонақ үйлер, саяхаттау қызметін ұсынатын туристік бюролар бұған дейін де өздерінің табысынан айырылған еді, пандемия оларды күйретті. Адамдар әуе компаниялары туризмге қарағанда бизнес ұшу қызметінен көбірек пайда табатынын біле бермейді.
Қазірдің өзінде пандемия көптеген тұтынушылық әдеттерді өзгертті. Оқшаулануда жатқан адамдар көптеген керексіз затты сатып алмайтын болды. Дағдарыс бұл трендті күшейте түседі.
Қазір адамдар олардың өмір сапасына тек ел ғана емес, нақты қала немесе штат ықпал ететінін түсінді. Мәселен, Огайоның губернаторы Дональд Трампқа қарағанда жағдайды жақсырақ бақылап, тиісті шешімдер қабылдап отыр. Бұл Огайоға көшіп кетуге себеп болады.
Пандемия жылдар бойы созылады деп ойламаймын, бірақ оның ұзақ уақыт болатыны сөзсіз. Сонымен қатар,
карантинді тоқтатқанда, эпидемия да тоқтайды деп ойламау керек
Қазірге оның болашақта қалай дамитынына байланысты ешқандай анық болжам жоқ. Мұның бәрі вирустың ықпал етуіне байланысты. Эпидеми басталған уақытта, алғашқы белгілері адам ауруды жұқтырғаннан кейін екі аптадан соң белгілі болады деп есептеген. Бірақ олай болмай шықты.
Ұлыбританиядағы науқастардың 8%-ында аурудың белгілері бұл мерзімнен кейінірек пайда болған. Бұл дегеніміз, вирус біз ойлағанан да жұқпалы болуы мүмкін екенінг көрсетеді.
Бізге мемлекет керек, оның ең басты құныдылығы — адамдардың құндылығы. Пандемия кезінде мемелекет осы мақсатқа қол жеткізу үшін барлық шараны қолдануы керек. Ал Еуроодақ кез келген жағдайда вакуумды шаңсорғыштың жылдамдығымен экономиканы сақтауға тырысады. Мәселе мемлекетке не керек дегенде емес, мәселе мемлекеттің өз міндеттерін нашар орындауында.
Адамдардың ақпарат алу үшін әлеуметтік желілерді пайдалануы олардың дәстүрлі БАҚ-қа сенбейтінін көрсетеді. Ешкім ақпарат ағынын шексіз басақара алмайды. Мәселен, Monsanto (ГМА әзірлеумен айналысқан биотехнологиялық корпорация) белгілі бір уақытқа дейін өзі туралы жазған ақпаратты қадағалады. Бірақ бәрібір бақылаудан шығып, шындың белгілі болды. Немесе Кеңес Одаүғын еске түсіріп көріңіз, барлығын цензураға ұшыратқысы келгенмен, соңы не болғанынын бәріміз білеміз.
Интернетті ақпарат көзі ретінде алып қарайтын болсақ, онда жалған ақпарат көп. Дегенмен адамдар ненің өтірік, ненің жалған екенін анықтап алдады. Блогер бір-екі ретмшындыққа жанаспайтын мәлімет берсе, елдер оған сенуден қалады. Ақыр аяғында адамдар, мәселенің мән-жайын түсінеді.