Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Пәктігімнен айырылған соң жігітімнің мінезі өзгеріп кетті

232

Арамыз жақындағаннан кейін-ақ оның теріс мінездері байқалды. Мен оның дөрекі қылықтарынан кейцін тіпті кездесуден бас тартқан кездеім де болды, бірақ ол соңымнан қалмайтын. Бірде өзі “енді менен қайда кетесің” деген сөзі де айтып қалды.

Уақыт өте келе мен оны қаламасам да ол маған күш қолданатынды шығарды.  Бірде тіпті қарсыласқанымда бетімді тістеп алды батырып, зорлады. Жаныма батқаны да осы. Сол жерде неге өліп кетпейді екенмін деп ойладым. Бұл жағдайдан соң оған ештеңе дегім келмеді. Сөзім жоқ оған айтатын.

Мен ылғи да ол түзеледі, маған тиіспейді деген үміт болды. Əр кездесуге шыққанда бұлай болмайды, жай ғана серуендеп қайтамыз деп ойлайтынмын. Бірақ енді бұл үміт енді менде жоқ. Онымен сирек кездесуге тырысам.  Егер біз ерлі-зайыпты адам болсақ,  бұл туралы үшін ешқандайда өкпе-реніш болмас еді, бірақ біз ондай емеспіз сол үшін жыным келеді. Дəл қазір оны жек көріп жатырмын. Соңғы оқиғадан кейін кешірім сұрады, бірақ кешірмеймін дедім. Не ойларымды да білмеймін. Жек көрем оны.

Маған ақыл қосыңыздаршы мен не істейін? Онымен сөйлеспей, болашақта басқа адаммен сөйлесетін болсам менің бұл жағдайымды қалай қабылдар екен? Мен оны жақсы көрмеймін, сезімім өшті.

Бұл сезімнің өшкеніне де біраз уакыт болды, тек одан үміттендім, мүмкін қайта жақсы көрермін деп, бірақ бұл сезімде ол жек көрушілікке айналдырып жіберді. Осының кесірінен басқа адамды да жақсы көре алмаймын ба деп қорқам. Өйткені біреуді ұната алмаймын, енді мен ешқашан ешкімге ғашық бола алмайтын шығармын.


Дереккөз: alashainasy.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз