Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Пәк болмағаным үшін қорлық көріп келемін

662

 

Студент болдым. Пəктігім болмағасын жігітпен жүруге де қорқатынмын. Бірақ бірінші курсты аяқтардан сəл алдын көшеде бір жігіт көлігіне салып алып кетті. Ол жігіт 3 курс оқитын. Маған “сені жақсы көрем. Сені үйге апарам” деді. Мен шу шығардым, сондағы қорыққаным пəктігім жоқ екенін білсе əке-шешем жұртқа масқара болатыны. Көлікті жалынып тұрып жарты жолда тоқтаттым. Оған бəрін түсіндіріп айттым. Бірақ ол түсінеді деген ойым қате болып шықты. Ол сол көлікті айдалаға апарып маған күш көрсетті. Жан-айқайымды ешкім естімеді.
Қорыққанымнан талып қалыппын. Есімді жинасам көліктің ішінде жатырмын, барлық жерім ауырып тұр. Ол алдында отыр. Не істедің деп жыладым, “пəктігіңді тексердім, шынмен жоқ екен, оқуда періштедей пəк боп жүргеніңе саған ойым кетіп еді, сөйтсем сайқал екенсің” деп мені өмірден түңілдіріп жіберді. Өзімді жек көре бастадым сол сəттен. Шынымен пəктігімді сол адам алғандай өмірден түңіле бердім. Қол да жұмсадым өзіме талай рет. Тірі қалдым. Психолог та көмектеспеді. Əкемнен қатал тəрбие алғасын оны сотқа да бере алмадым, əке шешемнің абыройын ойлап.
Сонымен уақыт өте берді. Мектеп кезден сезімін білдіріп жүретін бір жігіт бар еді. 3 курсқа өткенімде үйленуге ұсыныс жасады. Мені шынмен сүйді деп ойладым себебі 6 жылдай өзгемен жүрмей тек мені жақсы көрді. Ол түсінер деп басымнан өткенді айтып бердім. Ол да “əркіммен жатып алып, енді маған жылап тұрсың ба” деп сөздермен қорлап тастады. Содан 2 ай өтпей тағы бір жігіт сезім білдірді. Оған да шындықты айтам деп тұрғанда ол “сен ешқандай жігітпен жүрмеген пəк қызсың, үйіме адал қып алып барғым келеді” деп үмітімді қайта сөндірді. Намазхан жігіт еді. Одан сол кезде бас тарттым. Тым жуас боп, өзіме қарап, үнемі көңілді жүретін болған соң көп жігіттің есі кететін. Бірақ түнімен жылап шығатын едім.

 

 Алдымда кездескен жігіттердің бəрі пəк қыз алғысы келетіндігін айтатын. Мен тіпті шындығымды бəріне айтуға қорқып қалдым. Алдап, жасанды қыздық салдырып тұрмысқа шыққым келмейді. Өзімді ешкімге керексіз сезінем. Жұмыспен ғана алданам. Əкем анам тұрмысқа шықпайсың ба деп сұрай береді. Мен қорқам біреуге тиіп неке түні бəріне масқара болудан, əке шешемнің абыройы төгілуінен қорқамын. Сөйтіп жүріп 24 ке келдім. əбден көңілім қалды жігіттер қауымынан. Пəк қызды алғысы келетіндігі дұрыс-ау, алайда мені неше түрлі жүргіш қыздарға ұқсататыны жаныма қатты батады.
“Сұлулығын сатып, тұрмысқа шығатын кезде жасанды қыздық салдырам” деген қыздарды да көргем. Бірақ олар сияқты өмірімді өтіріктен бастағым келмейді. 7 жылдың ішінде қанша жігіт тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Мен алғашқы 3 еуіне қыздығым жрқ екенін айтқанымда жер-жебіріме жетіп сөздермен намысымды таптап тастаған. Бəріне айта берсем бүкіл жұртқа масқара болам деп басқа ешкімге тіс жармай тек қарсы бола бердім. Ата-анама ешкім ұнамайды деумен ғана келемін. Құрбыларымның балдарының алды мектепке барады. Не істерімді білмей қалдым. Алладан үнемі тілеп жүремін, жанымды түсінетін жанға жолықтыруын.
Мен де тұрмысқа шығып, ана болғым келеді. Бір жанның құшағында шынайы бақытты, əлсіз болғым келеді. Мықты болудан шаршадым…ұзақ болса кешірім өтінем…

 

Аноним 

Дереккөз: alashainasy.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз