Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Пайға берілген жерден пайда болмай тұр – Қасымхан Құсайынов

Экономика ғылымдарының докторы, профессордың айтуынша, ауылшаруашылығы саласында басқа да қордаланып қалған мәселе көп. Соның бірі – пайдан пайда көрмей отырғанымыз.

– Әрине, сыртқа сату, жалға беру, басқа да жұмыстарды да бiз шешемiз. Халық не айтса, соған көнемiз. Менiң айтайын дегенiм, бiздiң ауылшаруашылығында мәселелер жыл сайын емес, күн сайын көбейiп келедi. Ендi осының бәрiн шешетiн уақыт жақындады ғой деп ойлаймын. Бiздiң ең басты жағдай, пайға берілген жер жайын дұрыстауымыз керек.

Әрбiр адамға 1991-1995 жылдары жеке-жеке пайға жер бердiк. Сол пайдан бiздiң халық ешқандай пайда көрген жоқ. Ал ендi сол пайларды өздерiне беретiн болсақ, ол жанын салып, сол жерде жұмыс iстейдi, — дейді профессор Қасымхан Құсайынов.

Профессор көптеген мемлекет пайдаланып отырған кооперативтердi қолдау керек деп санайды. Оның пікірінше, бұл ауылдардың дамуына үлкен серпін береді.

– Мен Беларусь елiнiң тәжiрибесiн зерттеген едiм. Олар кооператив жүйесi арқылы алға басты, Еуропада жан басына шаққандағы есеп бойынша бiрiншi орынға шықты. Қазiр бұл ел 3 мың тоннадан астам сүт және сүт өнiмдерiн сатады. Бұл, шамамен, бiздiң Ақмола өңiрi секiлдi 10 облысты құрайды.

Сондықтан кооператив жүйесiн зерттеп, қарастыруымыз керек. Мұны өткеннiң iсi деп қабылдағанымыз жөн. Былтыр Израильде болдым, бұл елде де кооператив жүйесi тиiмдiлiгiн көрсеттi. Екiншiден, бiзге басқару жүйесiн жетiлдiру қажет. Бүгiнгi әкiмшiлiк экономика жақсылық әкелмейдi. Қазiр бiздiң ауылдар бәсекеге қабiлеттi емес. Осы мәселенi ойластырған абзал, — деп қорытындылады сөзін профессор.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз