Әлеуметтік желіде Баян Есентаева бар видео пайда болып, кеңінен тарап жатыр.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.
Оқиға Gakku арнасының «Follow wars» бағдарламасында орын алған көрінеді. Бұл хабарға елімізге танымал тұлғалар қатысып, көрермендердің сұрақтары мен өздері туралы айтылған сын ескертпелерге лезде жауап беруі тиіс. Сұрақтар он-лайн арқылы тікелей эфирде бірден түсіп жатады. Міне, осы бағдарламаға қатысқан Баян Есентаева өзіне қатысты айтылған дөрекі сынға дәл солай өте дөрекі жауап береді…