Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Өзі қалаған жоқ…”. Айгүл Мүкей “күйеусіз бала туып алды” дегендерге жауап берді

111

https://kaz.365info.kz/kyjeuge-timegen-ajgyl-mykej-ekinshisin-bosandy-foto-314104

“Мен жүктілігімді 6-7 айға дейін жасырып жүрдім. Өмірімдегі ең бақытты сәт осы жүктілік кезім. Өмірімнің ең ғажайып сәті”, – дейді жуырда қыз босанған журналист.

Журналистің айтуынша, ол толғағы жеткенше ел алдында түрлі жобаларды жүзеге асырумен айналысып жүрген. Осы орайда ол перзентханаға да өз аяғымен жалғыз өзі барғанын айтты.

“Перзентханада үш күн жаттым. Босануға барар алдында бір кешті ұйымдастырып жүрген едім. Келесі күні перзентханаға бардым. Толғағым басталғанын сезіп, өзімнің көлігіммен бардым. Себебі сол күні үйде ешкім болмай қалған.

“Қызымның есімі – Хабиба, шығыста сүйікті деген мағынаны білдіреді. Екіншіден бізде жүз жасаған Хабиба Елебекова есімді жүз жасаған әйгілі актриса болған. Сол сияқты керемет актриса босла екен деп армандаймын, ұлым Асанәлінің есімін де солай таңдаған едім. Қызымның есімін таңдағанда түрлі есімдерді көрдік. Бірақ папасы екеміз осы есімді таңдап, бір шешімге келдік”, – дейді ол.

https://kaz.365info.kz/byl-zholy-kimnen-zhelidegi-ayagy-auyr-ajgyl-mykejdin-sureti-osekke-negiz-boldy-304970

Айгүлдің айтуынша, ол артынан түрлі өсектің еріп жүргенін біледі. Сондықтан ол алғаш рет бұл сұраққа ашық жауап беріп, қауесет сөзге нүкте қойды.

“Менің күйеуім бар. Мен оны әлеуметтік желіде көрсетпеймін. Оны өзі де қаламайды. Бірақ желідегі оқырмандар маған да, достарыма да “оның күйеуі жоқ, қалай сонда деп, қалай туды” деп жазып жатыр. Бірақ мен күйеуімді, отбасымды әлеуметтік желіде міндетті түрде көрсетуім керек пе?”, – дейді

“Күйеуім бар, бәрі жақсы менде. Хабибаның папасы бар. Бірге тұрып жатырмыз”, – деп қысқа қайырды журналист.

https://kaz.365info.kz/tokhal-boluga-konemin-ajgyl-imanbaeva-agynan-zharyldy-286414

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз