Алып қашқан кезде тоқтаусыз күліп, жігіттермен әзілдескен бойжеткен желідегілердің ашуын келтірді. Желі қолданушыларының бірі мұны әзілге балады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әлеуметтік желідегі топтардың бірінде жұрттың көзінше қыз алып қашқан жігіттердің видеосы жарияланды. Бір қызығы, аталған видеодан бойжеткен өзге қатарластары секілді жылаудың орнына, жігіттермен әзілдесіп, қуанғанын байқатып қояды. Мұны көрген желі қолданушылары қатты таңқалғандарын жасырмады. Себебі, видеодағы бойжеткен тым жас көрінеді. Көпшілік ол кәмелеттік жасқа толып үлгермеген деп болжады.