2018 жылы 862 грант шетелдік қандастарымызға бұйырды деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Квоталар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын шетелдік қазақтарға бөлінген. Ең жоғарғы көрсеткішті екі қандасымыз көрсетсе, 133 балл, ең төменгі көрсеткіштер 24-25 балл аралығында екен.
25 балл алған талапкер «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына түссе, 26 балл алған талапкер «Мектепке дейінгі білім беру» мамандығына түскен. Сонымен қатар 27,29,31,33 балл жинаған жандар да грант иеленген.