Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Өзі азбыз…”. Желіде бөтен ұлтқа тиген қазақ қыздарын масқаралайтын мына жігіт

287

Жеке адамның өміріне қол сұғып, оны әлеуметтік желіге жариялаған Жәнібек Иманәзір өзге ұлт өкілімен қолтықтасып кетіп бара жатқан қыздарды көргенде ақылымды айтып жөнге салғым келеді, дейді. Олардың қасындағы оғландарға күш көрсету ойында да болмапты.

“Жоқ, ешқандай соққан емеспін мен. Айтам-айтам, содан шығарам. Шығарғанда енді елді ояту үшін. Мынау құрып бара жатырмыз қазір. Қыздарымыз бұзылып жатыр. Шетелге шығатын қыздар көбейіп кетіп бара жатыр.

Сүйем-күйем деп тастап кетеді. Екінші қызбен жүреді тастап кетеді. Ата-аналары білмейді, ағасы білмейді.

Айту керек ана қыздардың бәрі мына өзінің ағасына таныстыру керек алдын ала қол ұшын тигіздірмей тұрып”, – Жәнібек Иманмәзір.

https://kaz.365info.kz/zheke-omirim-dep-khoyady-tyrik-zhigitine-zhabyskhan-khazakh-khyzy-298799

Өзге ұлт өкілдерімен қолтықтасып жүрген қыздарға ескерту жасаған Жәнібектің 5-6 видеосы желіде жүр. Жәнібекті видеодағы жұптың неке жүзігін көрсеткені де тоқтатпапты. Ал Қазақстан Конституциясы бойынша әр адамның жеке өміріне қол сұғуға ешкімнің қақысы жоқ. Азаматтардың неке таңдауы да өз еркінде. Бұл тұрғыдан келгенде заңгерлер қазақ қыздарының қамын жеп жүрмін деген азаматтың заң алдында қатаң жазаға тартылуы мүмкін екенін ескертеді.

“ҚР неке және отбасы туралы кодексі бар. Ол бойынша неке дегеніміз ұлтына қарамастан екі адамның келісім түрінде құрылған одағы дейді. Бұл азаматтың әрекетін қылмыстық тұрғыдан бағалайтын болсақ ҚР қылмыстық кодексінің 145 бабы бойынша азамат пен адамның тең құқықтылығын бұзу”, – дейді заң ғылымдарының докторы Орынбасар Тілепбергенов.

https://kaz.365info.kz/hasan-yshin-koligin-satty-tyrikti-syjgen-khazakh-khyzy-onbaj-aldanypty-278312

Бүгінде Жәнібек сияқты «қазақ қыздары өзгеге тиіп жатыр» деп дабыл қағатын азаматтар аз емес.

Олар қазақ қызының басқа ұлтқа тиюін моральдық қылмыс деп есептейді.

Бірақ, оны тыямын деп жүріп, өздері қылмыстың шекарасын аттап кететін сияқты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз