Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Өздерінен көрсін!..”. Қызылордалықтарды қан қақсатқан алаяқ сотталды

Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімімен алаяқтық дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген. Тергеу кезінде күдікті ең алғаш 2016 жылдың тамыз айында аудан тұрғынын жер алып, үй құжаттарын дұрыстап беруге көмектесетініне сендіріп, қызметін 93 мың теңгеге бағалаған. Алайда ақшасын иеменгеннен кейін уәдесін орындамай, қашып кетеді.

Бұл әрекетімен тоқтамай,

2017 жыл көлемінде ауданның басқа тұрғындарына өз қызметін ұсынып, біріне жер алып бере алатындығын, енді біріне әскери билет жасап бере алатындығын айтып сендірген. Сөйтіп бірінің 182 мың теңгесін, енді бірінің 83 мың, 70 мың, 35 мың, 20 мың теңге көлеміндегі ақшаларын алдау жолымен заңсыз иемденген.

Жан-жақты тергеу әрекеттері жүргізіліп, күдіктінің кінәсі толық дәлелденіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, сот шешімімен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.

Сөз соңында, облыс тұрғындарынан жер телімдерін сатып алу немесе басқа да мәселелер бойынша келісімшарттар жасамас бұрын, заңгерлермен және құзырлы мемлекеттік орган қызметкерлерімен кеңесіп, сақтық шараларына аса көңіл бөлулерін және осындай алаяқтардың арбауына түсіп қалған жағдайда уақытты босқа шығындамай ішкі істер органдарына арыздануларын сұраймыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз