Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Өздері түк білмейді”. Өзін Алланың елшісімін деген діндар сұхбат берді

2032

Бақытбай Сейітов алдымен сопы Құрбанәлі Ахмет жайлы ойын айтты, деп жазады Caravan.kz.

«Негізі  Құрбанәлінің білімі бар. Бірақ ислам діні жайлы ғана. Басқа нәрсені білмейді. Менің елші екенімді біледі, мойындағысы келмейді. Көреалмаушылық бар. Өзін мойындағанды қалайды.

Пайғамбарлардың өзі барлық нәрсені білмеген. Бірі білгенді, бірі білген жоқ. Өйткені бәрін тек Алла біледі. Ал, адамдар әлдене сұрағанда Құрбанәлі секілділер білмейтінін айтуға ұялады да, қиялға беріледі. Сосын өзі де шатаса бастайды.

Қанша дінге бөлініп адасып жүргендер көп. Олар мені мойындамайды. Ал, мен солардың қатесін бетке айтам», – дейді Бақытбай Сейітов.

Ол өзінің «елші» екенін көп адамның мойындамағанын қалыпты жағдай санайды. Кезінде пайғамбарлардың басынан да ауыр жағдайлар өткенін, көпшіліктің мойындағысы келмегенін айтады.

«Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымызды таспен қуып, Иса пайғамбарды аспақ болды. Олардың пайғамбарлығын мойындаған жоқ. Сол секілді мені де мойындай алмайтындар, бәсекелесетіндер бар.

Алладан жәрдем болған күні Қазақстанда бір дін ғана болады. Христиан діні мен ислам қосылады. Осыдан бастап ортақ түсінік пайда болып, жалған нәрселер жойылады. Солай болуы міндетті», – дейді ол.

Сейітов «Исламда Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымызды соңғы пайғамбар деп көрсеткен. Сонда сіз қалай пайғамбар болдыңыз?» деген сұраққа жауап берді.

«Мұхаммед (с.ғ.с) Алланың елшісі әрі соңғы пайғамбар деген. Пайғамбарлық сонымен тоқтаған. Ал, елшілік жалғаса береді. Мен пайғамбар емеспін, мен Алланың елшісімін.

Діни басқармадағылар маған ешқандай уәж айта алмайды. Себебі өздері сауатсыз. Білімі таяз. Маған Мұса, Иса, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың қасиеті берілген. Мен жыланшымын.

Кезіндегі Мұса пайғамбардың Мысырда алып жүрген таяғы маған берілген», – дейді Бақытбай Сейітов.

Түркістан облысында тағы бір азамат Абай Пәшенбаев өзінің Алланың елшісі екенін айтқан еді. Ол тіпті құдаймен әзілдесетінін айтып елді шошытқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз