Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Өзбекстанда жас жұбайларға неке шартын жасау міндеттелуі мүмін

560
sarov.info

Ол шарттың бұл түрі ТМД-ның көптеген елдерінде сияқты жұрт арасында танымал емес екенін атап өтті. Некеге отырарда ажырасу туралы ойлау, орынсыз және дұрыс емес деген пікір бар, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

«Қызметім бойынша ажырасудың себептері мен салдарын зерттеу, қоғам үшін өте ауыр осы проблеманы талдау процестеріне жиі қатысуға тура келеді.

Некедегі екі тараптың бірінің құқықтарының тапталуына жол бермеу үшін отбасын құру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажеттігі өте айқын болып отыр.

Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, көптеген сарапшылар

неке шарты институтын дамытуды ұсынады

және бұл құжатқа тек мүлік мәселелері ғана емес, отбасылық қарым-қатынастар құру мәдениеті де енуі тиіс», – дейді Ишанханова.

Жанжал орнына

Сарапшы осылайша үшінші тараптардың отбасы мәселесіне араласуына, ажырасқан жағдайда ерлі-зайыптылардың біреуінің, ал кейде балаларының тұрғын үй немесе оларды бағуға арналған қаржыдан айыру сияқты мәселелерді болдырмауға болады деп есептейді.

«Неке шартына қатысты Отбасы кодексінің нормаларын қайта қарау керек деп ойлаймын. Мүмкін, неке шартын жасауды міндеттеу қажет пе… Ерлі-зайыптылардың некедегі және ажырасу жағдайында мүліктік құқықтарын реттеу ғана емес, сонымен қатар балаларды некеде және ажырасқан жағдайда асырап-бағу мен тәрбиелеуге қатысты өзара міндеттемелерін реттеуді де қарастыруы тиіс», – деп толықтырды Ишанханова.

Оның пікірінше, неке келісім-шартында мыналар жазылуы тиіс:

• ажырасқаннан кейін ерлі-зайыптылардың балаларымен қарым-қатынасы,
• ажырасқаннан кейін балалары бар жұбайын тұрғын үймен қамтамасыз ету құқығын міндетті түрде бекіту,
• отбасының ыдырауындағы жұбайының кінәсін ескере отырып, мүліктегі үлесті ұлғайту құқығы — мысалы, көзіне шөп салған жағдайда.

Қазір неке шартына Өзбекстанның Отбасы кодексінің 6 тарауы арналған. Заң бойынша

келісім-шарт жазбаша жасалады және некеге тұрғанға дейін де, неке кезеңінде де нотариалды куәландырылады

Келісім-шарт ерлі-зайыптыларға өз құқықтары мен міндеттерін анықтауға мүмкіндік береді:

1. Өзара асырап-бағу бойынша,
2. Отбасы шығынына қатысты,
3. Бір-бірінің кіріс қаражатына қатысты,
4. Ажырасу жағдайында бөлінетін мүлікті анықтау.

Сондай-ақ мүліктік қатынастарға қатысты көптеген мәселелерді шешеді.

Ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша неке шарты кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.

Бірақ бұл құжатты орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді

Міндетті ме әлде жоқ па?

«Міне, неке шарты некеге тұратын азаматтардың барлық құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін ескере отырып жасалады. Оны жасау немесе жасамау — әркімнің таңдауы.

Заңгер ретінде айтарым, неке шарты махаббат пен отбасын бұзбайды. Керісінше, ол оны нығайтуға ықпал етеді.

Егер де ажырасу орын алатын болса, қажетсіз қақтығыстар мен ұзаққа созылатын сот процестерінен қорғауға мүмкіндік береді. Ең бастысы — әр отбасы мүшелерінің құқығы қорғалады», – деп қорытындылады «Оила» ОҒЗИ өкілі.

«Халық сөзі» сайтының мәліметтері бойынша, 2018 жылы Өзбекстанның нотариалдық кеңселерінде 219 неке шарты жасалған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз