Қазіргі кезде ұсталған барлық адам қамауға алынды. Қылмыстық істер қозғалды.
Өзбекстанның Сурхандария облысында есірткі контрабандасы бойынша үш адам ұсталды. Оның бірі – Қазақстан азаматы. Бұл туралы Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.
Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, 20 келіден астам апиын мен гашиш Тәжікстаннан жеткізілген.
«Сонымен қатар, Мұзрабад ауданында ауған есірткі курьерлері жасырын жерде қалдырған екі келіге жуық апиын мен төрт келіден астам гашишты алып жатқан жерінен тағы бір ер адам ұсталды. Осы іс-шара барысында Термезде есірткі алып жатқан жерінен Қазақстан азаматы ұсталды», – деп хабарлады Өзбекстан МҚҚ.