Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Өзбекстанда әкімнен “таяқ жеген” мектеп директоры мұны әдепкі жағдай дейді (видео)

“Бізде мұндай оқиғалар үнемі орын алады. Әкімдер фермерлерді де, дәрігерлерді де ұрады. Оларды тіптен аяқтан тепкен кездер де болады”, – дейді ол.

Мектеп директорының сөздерінше, оқиға 28 тамызда орын алған.

“Күндіз аудан алаңында Тәуелсіздік күніне орай мереке өтті. Бір сағат қалғанда ғана бізге қоңырау шалып, барлық мұғалімдерді алаңға жинаңдар деді. Ал біз болсақ бұл кезде жаңа оқу жылына дайындалып жаттық. Бірақ әкім бізді көп адам апармағанымыз үшін ұрды. Ол менің бетімнен үш рет шапалақтады”, – дейді мектеп директоры.

Бірақ оның құқық қорғау органдарына шағымдану ойы да жоқ. Бәрібір әділеттілік болмайды дейді.

Ал Сырдария өңірінің прокуратурасы видеодағы ұру фактісіне қатысты тергеу жұмыстарының басталғанын хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз