Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Өзбекстанда 10 мың сарбаз мақта теріп жүр

154

Бұл ақпаратты Акалтын ауданында мақта теріп жүрген сарбаздардың бірі хабарлаған. Оны Сырдария облыстық әкімшілігінің бір қызметкері растады. Шенеуніктің айтуынша, қазіргі таңда он мыңға жуық сарбаз мақта теріп жүр.

Олардың арасында бір жылдық және бір айлық келісім-шартпен әскерге алынған сарбаздар, сонымен бірге әскери қызметке бес жылдық мерзімге алынған қызметкерлер бар.

Бұхарадағы әскери бөлімдердің бірінде қызметін өтеп жүрген сарбаздардың бірі 20 қыркүйектен бері мақта теріп жүргенін хабарлаған. “Бізге мақта алқабында 5 желтоқсанға дейін болатынымызды айтты. Күн суытып келеді, алқапта мақта қалмады. Күні бойы әрбір сарбаз бар болғаны 2-3 келі сапасыз мақта жинайды. Біз уақытты босқа өткізіп жүрміз. Оның орнына әскери дайындықтан өткеніміз жақсы еді”, – деді сарбаз.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, елде жыл сайын 30-35 мың адам әскери қызметке алынады. Қазіргі таңда Өзбекстан Қарулы күштерінде 48 мың адам бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз