«O’zbegim» дәстүрлі мәдениет фестивалі аясында 8 тонна палау пісіру жоспарланған. Ұйымдастырушылар 8 қыркүйекте өтетін маңызды шараға дайындық барысын, яғни салмағы 8 тонна палауды әзірлеу кезінде түсірілген видео мен суреттерді жария етті.
Палау диаметрі 4,2 метр және сыйымдылығы 8 мың литрлік қазанда пісірілді. Оны осы шараға арнап Алмалық тау-металлургиялық комбинаты құйды. Қазанның жалпы салмағы 7 070 келі, тереңдігі – 1 метр. Қазан қойылатын ошақтың өзінің салмағы 3 тонна.
inform.kz