Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Өзбекстан: бизнестегі мәселе — кадрлар мен салықтар

233
eurasianet.org/Дэвид Триллинг

Өзбекстанда бизнестің дамуын тежейтін мәселелердің шешімі табылды. Өзбек сомасын айырбастау туралы үкіметтің 2017 жылғы шешімі жағдайды түбегейлі өзгертті. Мұны Өзбекстанда импорт және экспортпен айналысатын кез келген адам растай алады. Екі жыл бұрын шетел валютасын алу өте қиын болатын.

Басылым жол сөмкелері мен рюкзактарды тігу жөніндегі шағын фабрикаға ие Адхам Маматқұловтың сөзін келтіреді. Кәсіпкердің айтуынша, ол синтетикалық жіптерді Қытайдан сатып алатын және бұрын бұл үлкен проблема болатын.

“Валюта алу процесі өте баяу жүретін. Банк құжаттарды алған соң бір айға жуық күтуге тура келетін”, – деп атап өтті Маматқұлов.

Енді бұл процесс бірнеше күнге ғана созылады.

“Егер банк қытайлықтарға менің долларым бар екенін көрсетпесе, мен оларға айқайлай бастаймын”, – деді Маматқұлов.

Үкіметтің кәсіпкерлердің проблемаларына көңіл бөле бастауы

көңілге қонымды.

“Прокурор ешқашан бизнестің досы болған емес. Ал қазір әр 15 күн сайын прокуратурадан қоңырау шалып, қандай да бір проблема бар-жоғын біліп отырады. Олар: “Егер қандай да бір проблемалар туындаса, мысалы, кеденде, онда қоңырау шалыңыз” деп айтады, – деді Маматқұлов.

Зиянды әдеті жоқ маман

Қаптама материалдарын өндіретін зауытын кеңейтумен айналысатын Самарқандтан келген Баходир Лутфуллаев та кредиттердің, қолма-қол ақшаның және айырбастаудың қол жетімділігіне оң баға берді.

“Несие алу жөнінде қиындықтар жоқ, – деді ол. – Доллар мен еуро да проблема емес. Кейде тіпті өзбек сомына да жете алмай қаламыз”.

Дегенмен, Лутфуллаевтың айтуынша, қызметкерлерді іріктеуде қиындықтар бар. Осыған байланысты ол 1990 жылдардың басындағы Мәскеудегі өзінің студенттік кездеріндегі бір естелікпен бөлісті. Сол кезде КСРО-да тұңғыш “Макдональдс” ашылған болатын.

“Теледидар мен газеттерде “Кеңестік бөлшек саудада, кеңес қоғамында бірде-бір күн жұмыс істемеген 16 жастағы қыз-жігіттерді іздейміз” деген жарнама болатын, – дейді Лутфуллаев.

Ол осы логикаға сүйене отырып, училищені жаңа бітірген мамандарды жұмысқа алады екен. Оның айтуынша, мұндай “саруыз балапандар” басқа жерлердің зиянды әдеттерін сіңіріп алмайды.

Тар шеңберде мамандандырылған және тәжірибелі техникалық мамандардың жетіспеушілігі компанияларды қызметкерлердің біліктілігін арттырудың баламалы тәсілдерін іздеуге мәжбүр етеді. Сәтті мысалдардың бірі Германия мен Нидерландыда әзірленген бағдарламаларға қатысу болды. Осы бағдарлама шеңберінде бұл елдер зейнетке шыққан мамандарды дамушы елдерге жібереді. Олар өз тәжірибелерімен бөліседі.

“Осындай мамандардың арқасында мен үш өндірістік желіні іске қосдым”, – деді Лутфуллаев.

Салық тосқауыл болып тұр

Енді билік жеке кәсіпкерлер үшін тағы бір ірі мәселе – салық көзіне назар аударды. Қазіргі салық салу жүйесі өте күрделі және экономистердің пікірінше, логикаға сай емес.

Басқаша айтқанда, жүйе шағын кәсіпорындардың өсуін қатты тежейді. Өйткені өсіп келе жатқан ШӨ есептілік жүйесі аса күрделі салық категориясында көрсетіледі. Оның үстіне салығы өте жоғары.

“Егер бірнеше артық адам жалдайтын болса салық ауыртпалығы үш, бес, жеті есе артуы мүмкін – деді экономист Юлий Юсупов.

Қолданыстағы салық кодексі — Кеңес жүйесінің мутацияланған нұсқасы

Сондай-ақ, билік элитасына жақын топтардың мүдделеріне жауап беретін көптеген түзетулер енгізілген.

Өткен айда президент Шавкат Мирзиеев кәсіпкерлер үшін жағдайды жеңілдететін жарлық шығарды. Бұл құжатта айыппұл төлеу процесін жеңілдетуге және салық төлеуден жалтару ауқымын азайтуға бағытталған шаралар қарастырылған.

Бірақ бұнымен іс әлі бітпеді. Жүйені реформалау жалпы әрең жүріп жатыр.

Бизнесті дамыту үшін жүйені сындыру қажет

Салық кодексін қайта қарау тұжырымдамасын президент 2018 жылдың маусым айында мақұлдады. Бірақ содан бері ерекше прогресс байқалмады.

Бұл ішінара ведомствоаралық қақтығыстармен байланысты

Атап айтқанда, реформаны жоспарлаумен және іске асырумен мемлекеттік қай орган нақты айналысуы тиіс екендігі жөнінде.

“Проблемалар іске асыру кезеңінде пайда болды, – деді Юсупов. — Реформаның жүзеге асуы 1 қаңтардан басталуы керек еді. Содан бері жарты жылдан астам уақыт өтті, бірақ ештеңе өзгерген жоқ”.

Алайда бұл кәсіпкерлердің көңіл-күйіне әсер ете қойған жоқ. Мысалы, кәсіпкер Маматкулов ауқымды жоспарлар құрып қойған.

“2013 жылы бастағанда бізде 10 адам жұмыс істеді. Бес жыл өтті, қазір бізде 100-ден астам адам бар. 10 есе көп. Бес жылдан кейін, мүмкін, 1000 болады”, – деді ол.

Маматқұловтың пікірінше, мемлекет оның жағында. Өндірісті кеңейту үшін қолайлы ғимаратты қайдан табасыз деген сұраққа, ол:

“Үкімет оны біз үшін тауып береді”, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз