Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Өзбек үйлену тойы: ақ жаулық, сыйлықтар мен ұлттық тағамдар

1411
sputniknews-uz.com

Өзбек дәстүрі бойынша үйлену — әрдайым көңілді, салтанатты өтеді. Бұған Sputnik тілшісі көз жеткізді. Мереке қонақтары 150-ге жуық адам болды. Олардың барлығы күйеу жігіттің әкесінен, Махмұт Маматмуминовтан шақырту алғандар, Шығыста ереже солай.

Белгіленген уақытта қонақтар салтанатты мейрамханаға жиналды. Жас жұбайлардың туыстары әрқайсысын жеке қарсы алады. Көптеген адам дәстүрлі өзбек элементтері бар киімде болды.

Соңында жас жұбайлар – Мәдина мен Мұхаммадий келді. Екеуі де қырғыздың Ош қаласынан, бұл Өзбекстанмен шекарада орналасқан қала. Күйеу жігіттің отбасы Санкт-Петербургте бұрыннан тұрады. Ал, қалыңдық бірнеше жыл бұрын ата-анасымен Жаңа Уренгаға көшіп келген. Екі отбасы бір-бірін бұрыннан таниды.

“Мәдинаның отбасы – біздің алыс туыстарымыз. 2016 жылы бізге осы қызды ұсынғанда, біз Жаңа Уренгаға барып, қалыңдықпен таныстық. Ата-анасы қыздарын тұрмысқа беруге дайын екендерін, бірақ қазір емес, келесі жылы болғанын қалады. Біз екі жыл бойы ұлымызды үйлендіре алмадық — біресе оған бұл қыз ұнамады, біресе біздің кейбір шарттарымыз оларға сай келмеді. Нәтижесінде келіссөздер жалғасын тауып, 2019 жылдың көктемінде біз үйлену тойын өткізуге келістік”, — деп түсіндірді аға Маматмуминов.

Күйеу жігіт қазір 27-де, ал қалыңдық 20-да. Әкесінің айтуынша, үлкен ұлының некесін қию өте маңызды болған. Себебі

дәстүр бойынша, ағасы үйленбей кішісі үйленбейді

Тіркеу

Күйеу жігіт пен қалыңдық залға қонақтардың қошаметімен кірді. Дәстүр бойынша қыз фатаны сәл көтеріп, оны ұстап тұрып, өзінің және күйеу жігіттің ата-анасына сәлем салды.

Ақ жаулық — Шығыс елдері қалыңдықтарының ерекше атрибуты, ол жас отбасы үшін тұмар іспеттес

Сонымен қатар, бұл сүйікті адамыңа мойынсұнудың символы. Мәдина кештің көп бөлігінде жаулықты бетіне жауып жүрді, оны тек әдет-ғұрыптарды орындау мен фотосессиялар кезінде ғана ашып отырды.

Қызу сәлемдесулерден кейін некені тіркеу рәсімі басталды. АХАЖ өкілі күйеу мен қалыңдықтың келісімін сұрады, салтанатты сөз сөйлеп, Мендельсонның маршымен оларды күйеуі мен әйелі деп жариялады. Содан кейін жас-жұбайлар сақиналармен алмасты.

Басты тағам

Қонақтардың құттықтауларынан, сондай-ақ фотосессиядан кейін жұбайлар мерекелік дастарханға жайғасты. Қонақтар да сиыр еті, қой етінен жасалған шурпа, люля-кебаб, салаттар, ірімшік пен шұжықтың әр түрлі сұрыптары сияқты дәмді тағамға толы дастарханға отырды. Үйлену тойында ішімдік болған жоқ. Алайда, бұл жиналғандардың көңіл-күйіне әсер еткен жоқ.

Шығыста ішімдіксіз мереке — бұл қалыпты жайт

Салтанатты кеш өзбек музыкасымен өтті. Қонақтар жастарды құттықтап, көпшілігіне сөз айтып қана қоймай, би орындау ұсынылды. Бұл тағы бір шығыс дәстүрі: үйлену тойында қонақтардың алдында өнер көрсететін адамға ақша береді. Ал ол өз кезегінде ақшаны өзіне ала алады немесе кейін өнер көрсеткен әртіске бере алады.

Құттықтау жас жұбайларға ғана емес, олардың ата-аналарына де айтылды. Үйлену тойы кезінде қалыңдық бірнеше рет көйлек алмастырды. Бұл да дәстүр. Той қызған кезде күйеу жігітке сұлтанның киімін кигізді.

Кештің басты тағамы, әрине, палау болды. Оны мереке соңында көптен күткен сыйлық ретінде дастарханға ұсынды. Бұл ерекше палау болды: оны оштық кәсіби аспаз, Махмуттың танысы дайындаған. Ол Ош облысында таудың етегімен ағатын таза өзенде өсірілген күрішті арнайы Петербургке әкелген екен.

Мереке аяқталар алдында күйеу жігіттің анасы Барно әр қонаққа дастарханнан, бізше айтқанда, сарқыт алуды ұсынды. Бұл тағы бір шығыстық дәстүр. Мейрамнан кейінгі күні қонақтар дәмді тағамдарды жеп, жас жұбайлардың тойы жайлы жақсы естеліктермен бөлісуі үшін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз