Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Өзбек президенті шетелдегі мәдени құндылықтарды елге қайтарғысы келеді

“Осындай орталық құру туралы ұсынысты біздің министрлік жасады, енді оны президент қаулысымен бекітті. Қазіргі таңда көптеген құнды жәдігерлер шетелде, негізінен Ресейде сақталған. Енді олардың дәл көшірмесін алып, зерттейміз”, – деді Өзбекстан мәдениет министрлігінің маманы.

Президент қаулысында жәдігерлерді елге қайтаруға арналған келіссөздер туралы да сөз болған.

“Совет заманында Хиуа, Самарқан және Бұхара мұражайларында сақталған көптеген алтын бұйымдар, сонымен бірге бұрынғы өзбек хандарының жәдігерлері Ленинградқа тасылған. Қазір солардың көбісі Эрмитаждың Шығыс бөлімінде сақталған. Біздің президент соларды елге қайтарғысы келеді”, – деді министрлік маманы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз