Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Өзбек дей берсін…”. Ернар Айдар Роза Рымбаеваның өзі туралы сынына жауап берді

289

Көптің сүйіктісі Ернарды “өзбек әндерін аударып айтып жүрген той әншісіне” теңеген Роза Қуанышқызының сөзі жұрттың қызу талқысына түсті. Бұл орайда Ернар Айдардың өзі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында Халық артисінің сынынан хабардар екенін айтты.

Халық артисінің сөзіне барынша жұмсақ жауап беруге тырысқан Ернар:

“…Мүмкін Роза әпкеміздікі де дұрыс шығар, ол жағын халық шешер”, – деп қысқа қайырды.

Десе де әншінің көңіл-күйі түсіп кеткені байқалып тұрды. Бұл орайда журналист Анна Данченко: “Мүмкін бұл оқиғаны журналистер немесе тағы басқа адамдар тапсырыспен жасап отырған шығар? Арнайы сондай жауап алу үшін қойылған сұрақ шығар?” – деп сұрады.

https://kaz.365info.kz/kyp-bop-isip-ketipti-zhelidegi-zhyrt-rozany-tanymaj-khaldy-video-323967

Оған Ернар Айдар:

“Мүмкін, жаман нәрсе ойлаудан аулақпын. Бірақ аққа Құдай жақ дейді ғой. Осы уақытқа дейін аяқтан шалғандар болды. Бұдан да үлкен кедергілер болды, сол кезде оған ешқандай қараған жоқпыз. Қарауға да уақыт болған жоқ. Себебі өз жұмысын сүйген адам анау-мынауға қарамайды.

Ол жыртық-жыртық джинсымен тұрса да, барымен халықтың көңілін аулауға тырысады. Менің мақсатым бөлек.

https://kaz.365info.kz/ajtpa-ol-ozbekti-roza-rymbaeva-amireni-ernar-ajdarmen-salystyrgandarga-ashulandy-322353

Сол мақсатқа жету үшін, анау-мынауға көңіл бөлуге уақыт жоқ. Бірақ ондай жоқ деп ойлаймын. Себебі біреуге пайдам тимесе де, зиянымды тигізбеуге тырысамын. Сол үшін мені қолдаушы халыққа алғысымды айтамын. Мүмкін маған бір кедергілер болса, уақытымен оның бәрі орнына келеді”, – деп жауап берді.

https://kaz.365info.kz/stadionda-zhigitpen-seks-zhasagan-orys-khyzy-videoga-tysip-khaldy-18-322792

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз