Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Өзбек билігі Қазақстанмен шекарадағы көлік кептелісін түсіндірді

25-қазанда Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігі қазақ-өзбек шекарасында 150-ден астам қазақстандық көліктің жиналып тұрғанын хабарлаған болатын.

Өзбек-қазақ шекарасында көлік кептклісте тұр

“Қазақстан мен Өзбекстан арасында халықаралық автомобиль тасымалдары туралы екі жақты келісімге қол қойылған. Осы келісімге сәйкес екі мемлекет арасындағы және олардың аумағындағы транзит рұқсатсыз негізде іске асырылады. Қазақстаннан Өзбекстанға немесе керісінше біздің елден көрші мемлекетке тасымалдау кезінде ешқандай проблема жоқ. Сонымен қатар, осы аумақтар арқылы транзитпен өткенде де ешқандай қиындық жоқ”, — деді Sputnik тілшісіне Өзбекстанның автомобиль және өзен көлігі мемлекеттік агенттігі басшысының орынбасары Шаалим Шавахабов.

Оның айтуынша, үшінші елдерден немесе осы елдерге жүк рұқсат қағаздары негізінде тасымалданады.

“Биылғы жылға Өзбекстанның автомобиль және өзен көлігі мемлекеттік агенттігі мен Қазақстанның құзырлы органы арасында 1200 рұқсат бланкісімен айырбас болды. Қазіргі уақытта қазақстандық тарап шамамен 700 бланкіні пайдаланған. Сондықтан жыл соңына дейін бланкі жетеді”, — деді ол.

Өзбек шенеунігінің айтуынша,

шекарадағы жағдай заңға бағынбайтын тасымалдаушылардың кесірінен туындап отыр.

“Кейбір тасымалдаушылар қолында рұқсат бланкісі болмаса да, шекараға келіп, Өзбекстанға өткізуді талап етеді. Бірақ, заңнамаға сәйкес ел аумағына үшінші елдерден жүк тасымалдаған кезде міндетті түрде рұқсат бланкілері рәсімделуі керек”, — деп атап өтті агенттік басшысының орынбасары.

 

Read more:

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз