Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Өз-өзін ұстай алмай қалды”. Айсәуле Бақытбек әкесі туралы алғаш рет ағынан жарылды

– деп сұрады тілші одан.

https://kaz.365info.kz/bolmajdy-ajsaule-bakhytbek-tyrmedegi-akesi-turaly-ajtty-311232

Басында бұл туралы ешкіммен сөйлескісі келмей қашқақтаған Айсәуле Бақытбек мұның себебін артынан түсінгенін айтты. Оның айтуынша,

елдің сөзі де, болған оқиға да оның әке-шешесіне деген махаббатын еш өзгертпеген. Керісінше, ол ата-анасын қадірлеп, жақсы-жаман қалпымен шексіз жақсы көре түскен.

– Мүмкін бұл болуы керек нәрсе шығар. Тағдыр ғой. Егер осы жайт болмағанда мен әлі өспес едім. Мен соған дейін отбасымның қадірін білген жоқпын, ешқашан үйге асықпайтынмын. Ұнамайды емес, ұнайды отбасым. Бірақ ол күнделікті сүрең нәрсе секілді көрінетін. Ал осы оқиға менің отбасымдағы әрбір секунд пен минутты қадірлеуге үйретті.

https://kaz.365info.kz/ajelderine-ie-bolyndar-ajsaule-bakhytbek-bir-erkekterge-eskertu-zhasady-298594

Шешеме бәрі жабылып кетті. Бұл мүлде дұрыс емес. Мен оны сөкпеймін, өйткені адамдар өзінің жүрек қалауымен өмір сүруі керек, осыны әрдайым дұрыс деп санаймын. Сол секілді әкемді де кінәламаймын. Өйткені ол өз-өзін ұстай алмайтын жағдайда болғанын жақсы түсінемін.

Шынын айтқанда, мен бала ретінде бақыттымын. Менің, сол секілді сіңілімнің де балалық-шағы өте бақытты. Өйткені біздің отбасымызда отбасылық зорлық-зомбылық түгілі, дауыс көтеру деген болмас емес.

https://kaz.365info.kz/nichego-neznayu-dedi-ajsaule-anasynyn-khazakhshasy-turaly-ajtty-video-312205

Ата-анамды осы қалпыменен жақсы көремін. Иә, сондай ыңғайсыз жағдай болды, бірақ менің әке-шешеме деген махаббатым одан өзгеріп кеткен жоқ. Мен үшін шешем де, менің әкем де әлемдегі ең жақсы адамдар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз