Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Өз күніңді өзің көр”. Жапон қызына үйленген қазақ жігіті шындығын айтты

587

Бұл туралы Central Asia Monitor-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Осыдан 12 жыл бұрын жапон қызына үйленген Әли Әбдіғали жапон халқының жабайы салттары туралы айтып, өз ойымен бөлісті. Қазақ жігіті өзімен бірге оқыған жапон қызы Айко Танимен шаңырақ көтерген. Үйлену тойын өз жерінде өткізгеннен кейін жігіт  Жапонияға кеткен.

Қазақтардың қиналғанда бір-біріне көмек беретін әдетіне үйреніп қалған Әли, жапондықтар тіпті туған ата-анасына қарыз бермейді екен деп таң қалды.

«Мен Қазақстандағы достарыма қарызға ақша беріп тұратынмын. Ал жапондықтар тіпті туған ата-анасына да қарыз бермейді екен. Біз тойымызды өткізіп Жапонияға көшіп келгенде, бұл жерде күн көру қиын болды. Пәтер жалдап тұру үшін бірнеше жерде жұмыс істеп, ақша таптым. Қиналған соң Қазақстандағы туыстарымнан ақша сұрайын десем, әйелім бұл туралы сөз қозғама деп қарсы болды»,-дейді қазақ жігіті.

 

«Оған тиіп нем бар еді…». Түрік азаматына тиген келіншек баласын қайтара алмай жүр

 

Өзге елдің салтын түсіне қоймаған отандасымыз әйелінен бақытсыз жағдайға ұшырап қалған жағдайда не істейді екенмін деп сұраған. Оның сұрағына ашуланған жапон қызы өздерінің ұстанатын қағидаларымен бөліскен.

«Егер ол есі кірген үлкен адам болса, неге осы уақытқа дейін ақша жинап қоймаған? Екіншіден: неге ол сақтанып жүрмейді? Тек қазақтар ғана өз өміріне немқұрайлы қарайды. Сендер барлық жауапкершілікті туыстарыңа немесе достарыңа жүктеп қойғанды жақсы көресіңдер»,-деп ашуланған әйелі күйеуінің сұрағына.

Қазақтың қанына сіңіп қалған әдетінен арылмаған Әли өзге елде бір жылдай қиналғанын айтты. Ол жапондықтар банктен несие алып, біреуден қарыз сұрамайды дейді. Сондай-ақ, бұл елде мүгедектер де баспанасыз қаңғыбастар да алақан жайып ақша сұрамайды екен. Қазақтар үшін қалыпты жағдай жапондарда немқұрайлықпен қарау деп саналады. Тіпті қонаққа бару үшін де бір-екі апта бұрын ескертіп, хабар беру керек деп таңданды отандасымыз.

«Оның өзінде туысыңның үйінде түнеп қалуға болмайды, тек кейбір жағдайларда ғана ата-анасының үйінде қонуға болады»,-дейді Әли Әбдіғали.

 

 

«Өзі азбыз…». Желіде бөтен ұлтқа тиген қазақ қыздарын масқаралайтын мына жігіт

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз