Алматы полициясы сексуалдық құлдықтан қашып шыққан қызға қатысты түсініктеме берді, деп жазады ҚазАқпарат.
https://kaz.365info.kz/khyrgyz-eken-seks-khyldykhtan-khashyp-shykhkhan-khazakh-khyzy-symdykh-zhajtty-ajtty-314211
«Әйел өзін біреулер заңсыз қамап, сексуалдық қызмет көрсетуге мәжбүрлегенін айтқан. Оның арызы қалалық ІІД қызметкерлерімен ҚР ҚК 308 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Күдікті тұлғалар бөлімшеге жеткізілді. Полиция қызметкерлері аталған дерекке қатысты тексеру жұмыстарына кірісті.
Бұл азаматша 2009 жылдан бері қалалық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында есепте тұр. Мұның алдында да бұл азаматша жыныстық қызмет көрсеткені үшін бірнеше рет бөлімшеге жеткізілген болатын»
– деді қалалық полицияның баспасөз қызметі.
https://kaz.365info.kz/osy-dyrys-pa-ozi-ajel-bakhytyna-shakhyrylgan-zhezokshe-ajtpagandy-ajtty-video-272811
Естеріңізге сала кетек, бұл оқиға әлеуметтік желілерді біраз дүрліктірген еді. Оқиға куәгерлерінің сөздеріне қарағанда, әйел адам көліктің астына түскен соң жарақатына қарамастан базарға қашып кірген.
Оның артынан бірнеше адам қуып келген. Қорыққан әйел базар сатушылары мен сатып алушыларынан жалынып көмек сұрай бастайды.
Сол сәтте жиналған қалың көпшілік әйелді қуғыншылардан қорғап қалған.
https://kaz.365info.kz/molda-nekemizdi-khiyp-sharuasyn-bitirgen-son-meni-talakh-etti-zhezokshenin-zhazbasy-270547