Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Өтірік мұсылман болмай-ақ қояйық”. Желі қолданушысы мал базарындағы былықты сынады

“Әлхамдуллә мұсылманмын” деп, базарда сатып тұрған қойына екі есе баға қойып алған бәйшікештер шындығында мүнәфиктер, екіжүзділер.

Көп базарда “2-3 мың теңгеге малыңды сойып, қапшыққа бөліп, дайын қып беремін” деп жалаңдап жүрген қасапшылар тағы бар. Ал олардың Ғұсылы бар ма? Мүмкін беті-қолын жуған шығар, ал дәрет алған ба, оны тексеріп жатқан ешкім жоқ.

https://kaz.365info.kz/meni-tudy-goj-anasyn-arkhalagan-mysylman-zhigiti-eldi-syjsindirdi-video-271607

Бізде бәрі бер жағынан жасалады. Мұсылманмын деп базарда жүргендердің өзіне күмәнмен қарайсыз. Өйткені базарға барсаңыз, бәрі бір-бірін түтіп жеуге әзір қауым.

Құрбандыққа шалынатын малдың үстінен аттап-пұттап жүргендер де бар. Құрбандық шалатын адамның өзі базарға Ғұсыл дәретсіз келеді.

Әрине, бәріңізді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын! Алайда бұл мейрамда көңіліңді күпті ететін осындай дүниелер бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бағаның қолдан көтерілуін қадағалап, Айт кезіндегі барлық процесті жіті қадағалауына алса жақсы болар еді” делінеді оның жазбасында.

https://kaz.365info.kz/randy-o-y-sonda-b-ri-zhazyl-an-m-sylman-k-pirdi-auzyna-m-jdy-244141

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз