Абай Бегей әртіс өмірінің қиын үлесі туралы әңгімеледі. Халыққа танымал болу үшін оған алты жылдан астам уақыт қажет болған.
«Мен көптеген әндерді жаздырдым, байқауларға қатысып, бірнеше жыл бойы екі қала арасында өмір сүрдім. «Аспанға қараймын» әніне дейін жолым болмай келді деуге болады. Қандай қиындықтардан өткенімді көп адам біле бермейді, тіпті болжамайды да. Сол кездері отбасымды Ақтауға тастап, осында жұмыс істеуіме тура келді. Қазір қыздарымды Алматыға көшірдім, бәріміз бір отбасы болып өмір сүріп жатырмыз», – дейді Абай Бегей.
«Аспанға қараймын» әні Абайды бір сәтте танымал етті. Хит шыққанға дейін шағын ортаға ғана белгілі болса, бұл әннен кейін ел аузына ілікті. Әрине, танымалдықтың кері жақтары да пайда болды.
«Мен жағымсыз пікірлерді өте ауыр қабылдаймын. Сезімтал адаммын. Адамдар «Бұл кім?», «Не істеп жүр?», «Трактористке ұқсайды» – деп жазып жатады. Концерт беретін кезімде көптеген адам теріс пікірлер жаза бастады, тіпті ауырып сахнаға шыққым келмеді», — деді Абай Бегей.