Әрбір үшінші қазақстандық отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіледі. Қазақстан әйелдері альянсы тұрмыстық зорлықты заң жүзінде қылмыстық іске көшіріп, сексуалды сипаттағы қылмыстардың жауапкершілігінің күшейтілуіне қол жеткізуге тырысуда. Бұл Жол картасы аясында біздің еліміздегі әйелдердің өмір сапасын жақсартуға қатысты тапсырмалардың бірі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы – қоғамдағы ең түйткілді және көп талқыланатын тақырыптардың бірі. Орыс және қазақ тілді ортадағы пікірталастар бір-бірінен түбегейлі ерекшеленеді. Егер орыс тілді ортада осындай қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды ұсынса, онда қазақ тілді сарапшылардың өзі теледидарға берген сұхбаттарында қазақ әйелі көнгіш болуы керек, қалыңдық ұрлау – біздің салтымыз, балалар үшін шыдау керек деген әңгіме айта береді.
Әйелдер барлығына көндіге бермей, мәселенің мәнін түсінуге тырысуы керек.
«Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Зульфия Байсақованың айтуынша, олар әйелдерді дамудың жаңа деңгейіне шығаруға тырысады.
«Мемлекеттік орталықтарда әйелдер жарты жыл бола алады. Бірақ дағдарыс орталығының жұмысы уақытша тұрғын үй беру ғана емес. Тұтас бағдарлама кешені бар. Ең алдымен әйелдер жағдайдан шығу жолын тауып, дамудың жаңа деңгейіне шығуы керек. Себебі
әйелдердің 30% орталықтан кейін өз отбасыларына қайта оралады, 12% жағдайда оқиға қайталанады
Қазіргі кезде дағдарыс орталығы отбасындағы агрессорлармен жұмыс істеу стандарттарын әзірлеп жатыр. Бұл біздің қоғамдағы зорлық-зомбылық қаупін төмендетудің маңызды жолы.
Екінші жағдай – тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық іске көшіру.
Бұл барлығын түрмеге жабу керек дегенді білдірмейді. Бірақ ешқандай жаза қолданбау зорлық-зомбылықтың көбеюіне әкеледі.
Байсақованың айтуынша, мәселе балаларды отбасында тәрбиелеуден басталады. Егер әкесі өз баласының көз алдында анасын ренжітсе, бала бұл қарым-қатынас түрін өзіне қабылдап алады.
«Бүгінде жәбірлеуші тергеу изоляторында тек 10 тәулікке қамалады және онда біздің ақшамызға, салық төлеушілердің ақшасына отырады. Неге біз оның түрмеде жатқаны үшін ақша жұмсауымыз керек? Көшені немесе арықтарды сыпырып жүрсін.
Альянс бұның балама жолын ұсынады. Егер адам қылмыс жасаса, ол міндетті түрде агрессия деңгейін төмендету курстарына барып, қоғамдық жұмыстан өтуі керек.
Соңғы жағдайда, қылмыстың ауырлығына байланысты қылмыстық жауапкершілік шараларын бір жылдан 15 жылға дейін қолдану керек».
Атап айтқанда, Альянс “ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”ҚР Заңының жобасы бойынша кодекстің жаңа бабын енгізуді ұсынды.
Мұнда Альянс іскер әйелдері болжанған өзгерістер мен толықтырудың редакциясын ұсынады: