Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

Отбасы институтындағы азаматтық некенің рөлі қандай?

233

Парламент Мәжілісі қабырғасында депутат Нұрлан Әбдіров Қазақстанда қоғамының азаматтық некеге қатысты қарым-қатынасын қайта қарауды ұсынған еді.

Оның пікірінше, отбасы институты кез келген мемлекет пен қоғамның іргетасы, міне, азаматтық неке деген осы іргетасты сөгіп, ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіруде.

«Азаматтық неке» біздің адамдардың ой-санасына сіңіп, қалыпты жағдайға айналып барады. Ал мұндай некеде ешкім жауапкершілік алмайды, балаларына да отбасы туралы дәстүрлі құндылықтарды сіңірмейді.

Мысалы, Қазақстан халқы ассамблеясының жалғызбасты аналардың жиынында мынандай сандар келтірілді:

бізде некесіз туған 72 мың бала бар, 400 мыңнан аса жалғызбасты ана, 60 мыңнан аса жалғызбасты әке тіркелген. Жалғыз басты ана қолында қазір 700 мың, жалғызбасты әке қолында 300 мың бала тәрбиеленіп жатыр. Бұдан бөлек, 31 мың жетім бала тағы бар„,

– дейді статистикалық мәлімет келтірген Әбдіров.

Оның сөзіне сүйенсек, 2016 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша, жетімдер үйінде 6 мыңнан аса бала тәрбиеленіп жатыр.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанда тіркелетін неке саны осымен үшінші жыл төмендеген, ал некені бұзудың жиіліп тұрғанына осымен жетінші жыл екен. Сондықтан депутат бұл мәселені өзекті деп тауып, оны назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Дегенмен қазақ қоғамында оң жақта „отырып„ қалу да соңғы кездері сәнге айналуда. 2016 жылғы статистикалық дерек бойынша,

Қазақстанда 18 бен 35 жас аралығындағы күйеуге шықпаған 800 мың қыз бен 350 мың жігіт бар екен.

Міне, осы жастардың үрейін жеңіп, алдымен азаматтық некеде тұруға көндірсек, арғы жағы өздігінен шешіліп кетер ме еді, қалай?.. Мұны әлеуметтанушылар мен психологтар жиі айтады.

Мира Байбосынова, психолог:

– Азаматтық неке деген тек құжатпен рәсімделмегені болмаса, сол қыз бен жігіттің бас қосуы ғой. Бұрынғыдай дайын үй немесе дайын жұмыс жоқ қазір. Сондықтан қиналып қалмас үшін жастар басын қосып, жағдайын түзеп алғанша, балалы болуды жоспарламай, бірге тұра береді. Тіпті, көңілі жараспаса, екі жаққа кете барады. Ол үшін ажырасып, шуласып жатпайды.

Бұл психологиялық тұрғыда екі жасқа үлкен жеңілдік береді.

Бөлек кетісіп жатса да еңсесі көп түспейді. Азаматтық неке бәрін бұзып жатыр дегенмен келіспеймін. Оның осындай жақсы жақтары да бар. Ал заңды некеге отыру жақсы десек, неге бүгіндері ажырасу көп? Сондықтан мәселеге тереңірек үңілген дұрыс шығар, – дейді маман.

Бұл да бір жақсы ой екен. Расында, депутаттар әлеуметтік мәселелерге тереңірек үңіліп, ең құрымағанда, отбасын құра салысымен жастарды арзан үймен қамтамасыз ететін жолды тапса, одан игі іс болмас еді-ау, иә…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз