Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Отандық қорғаныс-өндірістік кешен: «Қазақстан инжиниринг» қандай өнімдер өндіреді?

346

Айта кетелік, еліміздегі қорғаныс өнеркәсі­бінің кәсіпорындары мен әскери зауыттар Қорғаныс және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарайтын «Қа­зақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының құрамына енген.

Нақты айтар болсақ, әзіргі күні компания құрамына ел бойынша – 27 кәсіпорын, соның ішінде 10 ірі өнеркәсіптік зауыт кіреді.

Бұл ретте біз Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне төмендегідей сауалдарды жолдаған едік:

«Қазақстан инжиниринг» қандай мақсаттағы өнімдер өндіреді?

Біздің қорғаныс-өндірістік кәсіпорындар өндірген өнімдердің экспорты бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?

Оралдағы «Зенит» зауытының қал-жағдайы қалай?

Әскери авиция саласының әлеуеті қай деңгейде?

Жолдаған сауалдарымызға толымды жауап алдық. Сонымен…

 

«Қазақстан инжиниринг» қандай мақсаттағы өнімдер өндіреді?

 

Қазіргі таңда «Қазақстан инжиниринг» компаниясы әскери мақсатқа қажетті түрлі өнім шығарады екен.

 

Атап айтар болсақ бұлар:

– Әскери-азаматтық кемелер;

– жа­уынгерлік көліктер;

– тікұшақтар;

– оптикалық аспаптар;

– байланыс және радиолокациялық барлау құ­ралдары,

дүркіндетіп ату жүйесін және біздің әскерді қаруландыруға қабылданған көптеген қару-жарақ түрлері.

Бұдан бөлек компания қару-жарақ және де әскери техниканы жөндеу және жаңғырту бағытында сервистік қызмет те көр­сетеді.

 

Қорғаныс-өндірістік кешеннің өнімдері экспортқа шығып жатыр ма?

 

Бұл бағытта да біраз жұмыстар жүргізіліп жатқанға ұқсайды.

Айталық, элек­трондық және оптикалық өнімдер өндіруге негізделген «КAE» ЖШС зауыты кез-келген табиғи жағдайға қарамай тәулік бойына қолданылатын жылулық визиондық көздеуіштердің Түр­кия еліне алғашқы жеткізілімін жүзеге асырыпты.

Ал Алматы өңірінде «Нұр» деп аталатын координаттық және де радиолокациялық стансыларын жасайтын әріптескен Қазақстан-Франция кәсіпорны ашыл­ған. Әуе кеңістігін бақылау үшін пайдаланылатын бұл станса  – тактикалық-техникалық сипат­тамалары бойынша әлемдегі үз­діктердің бірі.

Министрлік мамандарының айтуынша, бұл Орта Азия көлемінде осы саладағы қолға алынған тұңғыш жоба.

Ал осы жобаға қажет барлық тораптар әрі байланыс құралдары және де арнайы автокөлік техникалары республи­каның аумағында шығарылатын болады.

 

«Зенит» зауытының жұмысы жүрдек пе?

 

Биылғы жылы Оралдағы «Зенит» зауытының құрылғанына 77 жыл толды.  «Зенит» зауытының директоры Вячеслав Валиевтің сөзінше,

зауыт 1993 жылдан бері ҚР Қорғаныс министрлігіне арнап 22 катер жасап шығарыпты.

–  Біздің 600-700 тонналық алып корабльдер мен катерлер сала алатын мүмкіндігіміз бар.

Бұдан бұрын зауыт мамандары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне арналған жылдам жү­зетін катерді суға түсіргенін білетін боларсыздар. Жалпы алғанда бұл біздің осымен 27-ші катеріміз, – дейді ол.

 

Қазақстан қару-жарақ өндіре ме?

Қазақстан қару-жарақ өндіре ме? Бізде әскери-теңіз техникалары бар ма? Істен шыққан әскери техникаларды қайта жөндеу жұмыстары қаншалықты жолға қойылған?

Ілгеріде айтқанымыздай оқырмандар тарапынан дәл осы сауалдар жиі қойылады.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше бізде мұның бәрі жолға қойылған.

Атап айтар болсақ, «Семей инжиниринг» зауыты қазіргі таңда сауытты танк техникаларын, оның ішінде Т-72 танкі, БМП-1 және 2, БТР-70 жөндеу және қайта қал­пына келтіру қызметін көрсетіп жатыр.

Ал «КАЕ» компаниясы электронды-оптика­лық жүйелер өндіруден бөлек – сауытты-қалқанды техникаға, бұдан бөлек авионика бөлігінде әуе кемелеріне жөндеу жасайды. Петропавл ауыр машина жасау зауыты «Град» және «Смерч» бірнеше дүркіндетіп атудың реактивті жүйелерін және ЗУ-23-2 зениттік қондырғысын жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Өз кезегінде «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» бірлескен кәсіпорны сервистік қызмет көрсетумен және де ЕС-145 деп аталатын тікұшақтарын жөндеумен айналысып, қосалқы бөлшектерді жеткізуді жүзеге асырып жатқан жайы бар. Бұл кәсіпорын сонымен қатар ұшқыштар мен техникалық мамандарды да оқытады.

Бұл ғана емес, әуе техникаларын жөндеуге маман­данып алған «Қазақстан авиация индус­триясы» кәсіпорны С-295 және «Ан» ұшақтарына техникалық қызмет көрсетеді.

 

Әріптестік аясы қандай?

 

Былтырғы жылы қа­зақ­стандық авиациялық индус­трияны одан әрі дамытуға септігін тигізетін маңызды құжатқа қойылды.

Анықтап айтар болсақ, «Қазақстан ин­жиниринг» компаниясы және «МиГ Ресей ұшақ жасау корпорациясының арасында әріптестік туралы келісім жасалды.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлағанындай осынау құжат «МиГ-35» көпсалалы ұшағын бір­лесіп жетілдіруді және Қазақстанда «МиГ» маркалы ұшақтардың жеке­леген тораптары мен агрегаттарын шығаруды көздейді.

Осының нәтижесінде елімізде «МиГ» РСК» шығар­ған ұшақтарға нақты қызмет көрсететін толыққанды сервис орталықтары құ­рылатын болады.

Бұдан бөлек былтыр Астанада авиация техни­каларын құрастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету бо­йын­ша құрылған сервис орталығы да отандық әскери әуе саласының дамуына оң ықпалын тигізбек.

Сөзіміздің қорыта айтсақ, мемлекет тарапынан елді қару-жарақ, қорғаныс өнімдерін өндіретін елдердің қатарына енуге барлық мүмкіндік жасалып жатыр. Тек сөз бен іс сай болғай деп тілейік.

Айтпақшы

Бұдан бұрын өткен «Advanced def tech» ғылыми-практикалық конференциясында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстандағы кәсіпорындар әртүрлі әскери қарулардың түрлерін өндіріп жатқанын атап өткен.

– Қазақстанның қорғаныс-өндірістік кешенінің (ҚӨК) біздің елдің экономикасында маңызы өте зор.

 Экспорттық әлеуеті жоғары. Сонымен бірге, ол әскери қуаттылыққа ғана емес, азаматтық секторда да әсерін тигізеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында біз өз алдымызға қорғаныс-өндірістік кешенінің жұмысының тиімділігін арттыруды мақсат етудеміз. Біршама нәтижелеріміз де баршылық.

Қазіргі таңда ҚР қорғаныс-өндірістік кешені – 9 мың жұмыс орынына ие құрамына 40 кәсіпорынды біріктірген ғылымды қажет ететін жүйе.

Сондай-ақ, қосымша келісім шарттармен жұмыс атқарып жатқан 60-қа тарта компания бар.

Соңғы уақытта біздің елде технологияның трансферті қамтамасыз етілген бірлескен кәсіпорындар жұмыс істей бастады.

есе де, Қазақстандағы ҚӨК-нің әлеуеті толығымен ашылмағанын айта кеткіміз келеді. Ары қарай саланы дамыту үшін терең жаңғыртуды жүзеге асыру керек. Біз кәсіпорындарымызды жаңғырту жоспарын жасап қойдық. Себебі, көптеген кәсіпорындар кеңестік корғаныс кешенінен қалған. Біз бұрынғы өндіріс базасы арқылы қаруландырудың жаңа түрлерін шығаруға көштік.

Қазір бізге жаңа технологиялық жетекші жобалар керек. Сондықтан, біз барынша ашықпыз.

Серіктестікке дайынбыз. Әлемдік ірі компанияларды біздің алаңға шақырамыз», – деген болатын ведомство басшысы.

 

Сіз білесіз бе?

2016 жылғы 6 қазанда ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚАӨМ) құрылған кезінен бастап, оған Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қажетті қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету бойынша міндет қойылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз