Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Отандық қант өндірісін дамыту үшін салалық бағдарлама әзірленуде

Сонымен қатар вице-миинстрдің дерегінше, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың есеп-шоттарында 5,1 млрд теңге қаражат бар. Қаражаттардың ең көп мөлшері Астана қаласында – 1 553 млн теңге, Түркістан облысында – 727 млн теңге, Алматы қаласында – 363 млн теңге, Қостанай облысында – 373 млн теңге және Жамбыл облысында 390 млн теңгені құрайды.

«Қант төңірегіндегі қалыптасқан жағдайға байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігімен қолда бар қаражаттарды өңірлерге 10 мың тоннаға дейін қант сатып алуға жұмсау ұсынылады. Сонымен қатар министрлік қант бағасын тұрақтандырудың жүйелік шарасы ретінде отандық қант өндірісін дамыту бойынша салалық бағдарлама әзірлеуде. Онда егістік алаңдарын кеңейту, қант қызылшасының тұқымын дамыту және шығымын көбейту, қант қызылшасын өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жәрдемдесу және отандық қызылша шикізатынан қант өндіру зауыттарын салуды ынталандыру сияқты шаралар көзделеді», – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз