Қазақстандық бойжеткен Айя Шалқар Австрия президенті Александр Ван дер Белленмен нан дүкенінде суретке түсті.
Айя Шалқар жәй ғана қазақстандық сұлу ғана емес, өзінің дизайнерлік топтамасы бар бастаушы дизайнер, сонымен қатар желіде үлкен танымалдылыққа ие модель. Қазірде Айя Австриядағы графикалық дизайн университетінде оқу үстінде.
Бұл ретте мемлекет басшысының қарапайым студенттермен нан дүкенінде жүргеніне желі қолданушылар таңырқасып жатты. Қарапайымдылық деген, бәлкім, осы шығар.
.