Оңтүстік Қазақстан облысында әйелін пышақтаған тұрғын сотталды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Қаратау аудандық соты Хайролла Нарметовты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі, яғни „Қасақана ауыр дене жарақатын салу„ бойынша кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды.
„Орыстың дініне өтіп кетіпті. Қанша райынан қайтардым, болмады„
– дейді видеодағы азамат.
Айта кетейік, соттың соңғы отырысында айыпталушының әйелі Умида Нарметова өзіне пышақ жарақатын салған күйеуін перзенттері үшін кешіретінін айтқан болатын. Өз кезегінде сотталушының өзі жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді. Әрі әйелі мен оның анасынан кешірім сұрады. Алайда Қаратау аудандық сотының судьясы Ермахан Рахманберді пышақ салған тұрғынға түзеу мекемесінде жазасын өтеу туралы үкім шығарды.