Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қостанайда мемлекеттік ту аяқ-асты етілді

Басылым тілшісі бұл суреттерді Қостанайдағы Таран көшесінде орналасқан Хаплыққа қызмет көрсету орталығының ауласында кеше шамамен сағат 16.00-де түсіргенін жазады.

Ал Қостанайдағы Халыққа қызмет көрсету орталығының қоғаммен байланыс менеджері Эльмира Сейілханова қоқыс жәшігінен табылған мемлекеттік тудың олардың мекемесіне тиесілі емес екенін айтқан.

“Біздің ту орнында тұр. Құлаған жоқ. Ал қоқыс жәшігін біз және сол маңдағы үйлердің тұрғындары пайдаланады. Түсініп тұрсаңыздар, туды кез келген адам лақтырып кетуі мүмкін”, – деді Сейілханова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қоқыс жәшігінде жатқан ту орнында жоқ.

Қалай дегенмен де айдала емес, ол маңда бейнебақылау камералары да бар көрінеді. Сондықтан жергілікті ішкі істер органы мемлекеттік рәмізді қорлағандарды тауып, тиісті жазасын береді деп сенім білдіреміз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз