Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қостанайда 6 жасар баланы қағып, өлтіріп алған жүргізуші 2,5 жылға сотталды

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 4-наурызында сағат 21.00 шамасында Қостанай қаласының Маяковский көшесімен өзінің “Lada 219410” маркалы автокөлігімен жүріп келе жатқан Коновальчук “Наурыз” шағын ауданының №6А үйінің жанында жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей, жүру жылдамдығын арттырған.

Сонымен қатар жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жолақ арқылы өтпек болған жаяу жүргіншілер азаматша А-мен оның 6 жастағы ұлы Р-ға жол бермей көлігімен қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 жасар бала облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізіліп, сол жерде қайтыс болған.

“Сот үкімімен жүргізушіге қоныс колонияда 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және көлік жүргізу куәлігін 5 жылға айыру жазасы тағайындалды”, – деп көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар сот жәбірленуші тарапқа Коновальчуктан 1,5 миллион теңге моральдық шығынды өндірді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз