Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қостанай шекарасында бір аптада есірткі тасымалына қатысты 3 факті тіркелді

Осы күні Қостанайлық шекарашылар «Обаған-авто» бақылау-өткізу бекетінде қызметтік иттің көмегімен қазақстандық бір азаматты ұстады. Қызметтік иттің көмегімен жүргізілген шекаралық бақылау кезінде оның киімінен салмағы 10 грамм болатын «гашиш» табылды.

Аталған азаматтарға қатысты материалдар Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөліміне берілді.

Осы күні «Желқуар» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары да есірткімен шекарадан өтпек болғандарды ұстады. Атап айтқанда, мұнда да қызметтік иттің көмегімен Ресей Федерациясының екі азаматы анықталды. «Москвич» автокөлігін мініп, біздің елімізден Ресейге қарай жол тартып бара жатқан азаматтардың қолжүктерінен салмағы 20 грамм болатын «марихуана» шықты.

Аталған дерекке қатысты материалдар акт бойынша Қостанай облысы Жітіқара аудандық ішкі істер бөліміне берілді.
Есірткіге қатысты барлық істер бойынша өзара әрекеттес құқыққорғау органдары хабарландырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз