Әйелін өлтіріп алған ер адамға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Бұл туралы Қостанай облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қостанай облысының Наурызым аудандық сотында 1940 жылғы Мұрат Қалиевке ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-тармағы бойынша, яғни „Қорғансыз жеке тұлғаның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру„ бабы бойынша үкім шығарылды.
Қылмыс биыл 21-маусымда шамамен сағат 14:00 уақытында Наурызым ауданы Буревестник ауылында орын алды. Ішімдікке сылқия тойып алған Қалиев бірге тұрып жатқан әйелмен сөзге келіп, айқайласа бастайды. Сол кезде ол басы үшкір күректі қолына алып, онымен әйелді бірнеше рет ұрып жібереді. Қатты соққыдан келіншек есінен танып құлайды, оны еркегі аяғынан сүйреп, ауланың сыртына апарып, тастап кетеді.