Өскеменде жолаушылар автобусы теміржол өткелінің ортасына жеткенде кенеттен моторы өшіп, апатты жағдай орын ала жаздады. Оқиға орнында болған патрульдік полиция қызметкерлері Тимур Абдрахманов пен Раджан Базарбекұлы жергілікті тұрғындармен бірге бірден көмекке ұмтылып, тоқтап қалған автобусты рельстен итеріп шығарды.
Жедел әрекет етудің арқасында пойыз бен автобустың соқтығысуының алдын алу мүмкін болды. Оқиғаға куә болғандар полиция қызметкерлерінің батыл әрекетін жоғары бағалады.