Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
525
+13.36
EUR
552
+11.86
RUB
4.93
+0.20

Өскеменде мұсылмандар бейті тек бір үлгіде тұрғызылатын болды

Біреулер жердің ыңғайына қарай, енді біреулер құрылыс материалдарының түріне қарай қабірді, бейітті әртүрлі етіп қазып, көтеріп жатады.

Сондықтан бейіттерді жинауда шариғат талаптарына сай мұсылмандық жоралғылар сақталып, қамтылсын деген шарт ең басты мақсатымыз болды», – дейді Самсоновка ауылының жанындағы бейіттерді ретке келтіріп, жұртқа осы мұсылмандар зираты жабдығының қызметін көрсетіп отырған жеке кәсіпкерліктің иесі Бауыржан Құсайынов.

Бейіттерді бірыңғай етіп тұрғызуға алғашқыда бірді-екілі адам қарсы болғанымен, бірте-бірте жаңа ережеге келісім берген. Бұдан бөлек, жерлеуге әкелінген адамдар тіркеліп, олардың қандай аурудан, неден көз жұмғаны көрсетіліп отырады. Тіркеу журналында қай қатарда, қандай нөмірге қойылғаны да қоса жазылып тұрады.

Сондай-ақ Самсоновкадағы мұсылмандар бейітінде қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалар жерленетін «Құрметті азаматтар аллеясын» жасау көзделген. Бошай ата, Асылбек Сәбеков, Қанипа Бітібаева сынды ел құрметіне бөленіп, еңбегі сіңген жандар дамылдап жатқан бейіттер қазір мұнда бір бөлек, оқшау тұр.

Қатары көбейіп келе жатқан ондағы зираттардың көпшілігі граниттен тұрғызылуда. Қалалық әкімдіктен, мекемелерден тыл еңбеккерлерін, Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы ардагерлерін де осы жерге жерлеуге өтініштер келіп түсіп жатады екен.

Самсоновкадағы зиратқа айына – 25-30, жылына 300-ге жуық адам жер қойнына тапсырылады. Анықталғандай, біркелкі етіп жиналып жатқан бейіттерді көтеруге 178 -225 мың теңге көлемінде қаржы кетеді. Белгі тасы, басында айы, төрт жағында шарлары бар бірыңғай үлгідегі бейіттерді салуға, материалдарына 225 мың теңге жұмсалады.

Есік және басқа да қосымша сәулеттік нышандар қойғысы келгендер үстінен тағы ақша төлейді. Бауыржан Құсайынов атап көрсеткендей, «Жер қатынастары туралы» Қазақстан Заңының 139-бабында өмірден қайтқан Қазақстан азаматына 6 шаршы метр тегін жер берілетіндігі жазылған. Яғни қаза болған адамдарға жер тегін беріледі.

Ал жердің сатылып жатқандығы туралы әңгімелер қауесет болып табылады.  15 гектар жердегі Самсоновка маңындағы мұсылман зиратының аумағы 20 жылға дейін пайдалануға жетеді екен. Кейін оның жанындағы бос тұрған 35 гектар жер де зират мақсатында пайдалануға қосылып берілуі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз