Облыс орталығында 14 жастағы қыз бала өзіне-өзі қол жұмсады, деп жазады YK-news.kz.
Қайғылы оқиға 16 сәуір күні кешкісін болған. Мектеп оқушысы Гагарин бульваріндегі 9 қабатты тұрғын үйден секіріп кеткен екен. Әлі нақтыланбаған ақпарат бойынша, өзіне-өзі қол салған қыздың жанында құрбысы болған. Қаза болған қыздың әлеуметтік желілердегі дос-жарандарының жазбаларына қарағанда, суицидке «жігітімен» арадағы күрделі қарым-қатынас себеп болуы мүмкін.