Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Өскемен әкімдігі екі жол белгісіне 18 миллионға жуық қаржы жұмсады

281
Сурет: Жанар Асылханова

Даулы оқиғаның жалғасы туралы  блогер Алексей Алексеев айтып берді.

«БАҚ пен әлеуметтік желілерде көтерілген шуға мәслихат депутаттары жауап берді. Олар бір данасы 500 000 теңге тұратын жол белгілерін орнату тендеріне қатысты пікір білдірді.

Олар тізерлеп тұрып, істеген істеріне өкінді деп ойлайсыздар ма? Әлде халықтан кешірім сұрап, ақшаны қайтарды ма?  Жоқ, олай емес. Депутаттар «31 арнаны» сотқа береміз деп қорқытуда! «Журналистер ақпаратты бұрмалады, —  деді депутат және құрылтайшы Юлия Миронова.

Айдан анық көрініп тұрған нәрсені қалай бұрмалайды?  Мен сіздерге бұдан да зорғысын айтайын, бизнесмен-депутаттар бұндай жүйені өткен жылдың жазында-ақ сынақтан өткізген.

inbusiness.kz-тің жазуынша,

2019 жылдың маусым айында сол кәсіпорынмен 17,7 млн теңге сомасына шарт жасалды. Бұл ақшаға жеткізуші екі жол белгісін жасаған!

Балабақша, жылы аялдама, ауыл мектептеріне дәретханалар емес, тіпті алыс ауылға су жеткізген жоқ, тек екі жол белгісін қойды. Енді жаяу жүргіншілер жолында тәртіп орнағанын білген өскемендіктердің көңілі бірден орнына түсті.

Билік не дейді? Мәселені «Нұр-Отанның» жанындағы қалалық қоғамдық кеңесте талқылау жоспарлануда. Болды, әзірге осы», — дейді блогер өз жазбасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз