АҚШ-тың жаңа санкциялары салдарынан ең бай 50 ресейліктің дәулеті бір күнде 12 миллиард долларға кеміді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org порталына сілтеме жасап.
Санкция тізіміне енген бизнесмен Олег Дерипасканың дәулеті бір тәулікте 1 млрд долларға кеміпті. Оған тиесілі «Норильский никель» компаниясындағы әріптесі Владимир Потанин да дәл сондай қаржы жоғалтқан. Аталған бизнесмендерге тиесілі компаниялардың акция құны айтарлықтай түскен.
«Қара тізімге» енген Виктор Вексельберг те 1 млрд долларынан айырылған. Нарықтың құлауынан Сулейман Керимов, Леонид Михельсон, Геннадий Тимченко, Владимир Лисин, Роман Абрамович, Вагит Алекперов және Алексей Мордашов секілді ресейлік кәсіпкерлердің дәулеті кеміген.
Санкция салдарынан «ВТБ банкі», «Русал», «Мечел», «Норильский никель» компанияларының акциясы азайды. Тіпті әлем нарығындағы құнды қағаздардың бағасы түскеннен кейін, ресейлік рубль бағамы да бірден құнсызданған.
Естеріңізге сала кетейік, 6 сәуірде АҚШ Ресей азаматтары мен жеке компанияларға қатысты жаңа санкциялар енді.