Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Орталық Азияның қай елдері Ресейге тәуелді болып қалды?

592

Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан Ресейден ақша аударымдарын ең көп алатын елдер болып табылады, бұл оларды Ресей экономикасының жағдайына тәуелді етеді.

2014-2016 жылдары РФ-дағы дағдарыс кезінде ақша аударымдары көлемінің құлдырауы осы мемлекеттерге ауыр соққы болды. Алайда, 2017 жылы аударымдардың қарқынды өсуі басталды, деп атап өтті Economist Intelligence Unit орталығының талдаушысы Сэм Бутий.

“Ресей Орталық Банкінің мәліметтері бойынша, 2018 жылы Ресейден ТМД-ға мүше басқа елдерге жеке тұлғалар жіберген $13,99 млрд-тың шамамен 68,1%-ы осы елдерге тиесілі. Салыстыру үшін: 2016 жылы сәйкесінше $10,1 млрд және 63,3%, ал 2017 жылы $12,9 млрд және 67% құраған болатын.

Әсіресе Қырғызстан мен Тәжікстан аударымдарға тәуелді: олардың әлсіз экономикасы жұмыс орындарымен әлі де қамтамасыз ете алмай отыр,

жүздеген мың азамат шетелде, оның ішінде Ресейде жұмыс іздеуге мәжбүр, олар көбіне маусымдық, әдетте құрылыс секторында еңбек етеді”, — деп есептейді сарапшы.

Сэм Бутийдің пікірінше, егер ақша аударымдарының көлемін осы мемлекеттердің жалпы ішкі өнімімен салыстырсақ, тәуелділік ауқымы айқын көрінеді. Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес, аударымдар Тәжікстан 31,3% және Қырғызстанның 32,9% ЖІӨ-нің эквиваленттері. Ресейдегі соңғы дағдарысқа дейін бұл сан одан да жоғары болды: 2013 жылы аударымдар Тәжікстанның ЖІӨ-нің жартысына тең болған.

“2015 жылы Ресейдің ЖІӨ-і 2,3%-ға қысқарды, бұл Қырғызстан мен Тәжікстанның экономикасына да кері әсер етті. Ресей осы мемлекеттердің маңызды сауда әріптесі болып табылатындықтан жағдай одан әрі шиеленісе түсті”, – деп атап өтті сарапшы. Орталық Азияның аталған мемлекеттері қазірдің өзінде әлемнің ақша аударымдарына тәуелді елдердің бестігіне кіреді.

Сарапшының айтуынша, аударымдар ІЖӨ-ні есептеу кезінде тікелей есепке алынбайды, бірақ Қырғызстан мен Тәжікстандағы, әсіресе ауылдық жерлердегі отбасылардың негізгі табыс көздерінің бірі болып отыр.

Олар кедейшілік деңгейін қысқартуға және кедей үй шаруашылықтары мен жергілікті бизнестің несие қабілетін арттыруға көмектеседі,

бірақ, сондай-ақ, тәуелділік мәдениетін арттыруға және жұмыс күшінің сыртқа кетуіне ықпал етіп отыр.

“Сонымен қатар, макроэкономикалық деңгейде ақша аударымдарының ағыны алушы елдердегі жергілікті валюта бағамын арттыра отырып және осы мемлекеттер экспорттайтын тауарларды қымбаттата отырып әсер ете алады.

Зерттеулер көрсеткендей, ақша аударымдары әдетте үй шаруашылықтарының сатылмайтын тауарларын тұтыну көрсеткішінің ұлғаюына алып келеді және соңында валютаның қымбаттауына ықпал етеді.

Тәжікстанда да, Қырғызстанда да экспорттық қоржында алтын мен күміс сияқты тауарлар басым болып отыр”, — деді Сэм Бутия.

Ақпарат көзі: https://russian.eurasianet.org

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз